Магистранттарға арналған ақпарат

Мамандықтаң жалпы сипаттамасы

6N0601 –Математика мамандығынан магистратура 2001 жылы жоғары математика кафедрасында АА № 0000018 лицензиясы және ҚР БжҒМ 08.07.2002 ж №536, 03.08.2001ж №643 бұйрықтары негізінде ашылды.

2010-2011 оқу жылдары магистранттарды 6N0601 –Математика мамандығынан дайындау Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің 01.11.2010ж №506 бұйрығымен бекітілген білім беру мекемелеріндегі оқушылардың үлгерімін ағымдық бақылауын жүргізу, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестацияларды өткізу Ережелеріне сәйкес іске асырылады.

Магистратурада мамандарды дайындау «Жалпылама есептеулер және үлгі анықталымдылығы» ғылыми – педагогикалық бағытымен жүргізіледі. Магистранттар оқу үдерісінен жақсы білім қорын жинап, терең білім алады. Бұл білімділік магистранттарға арналған маңызды профильдік құрастырушы болатын әртүрлі қайнарлардан алынады:

1. арнайы пәндер: «Үлгілер теориясы», «Алгоритмдер теориясы», «Анықталымдылық және есептеулер», «Топтар теориясы», «Коммутативті алгебра», «Математикалық логика және философия», құрамында математиканы және жалпы білім беру әдістемелері сұрақтарынан жүргізілетін курстар бар;

2. үлгілер теориясы, есептеулер теориясы және олардың алгебра, геометрия, кибернетикаға қолданыстарының теориялық және қолданбалы қырларын зерттеу тұрғысынан жүргізілетін Н.Г. Хисамиевтің ғылыми семинарлары.

Магистранттарға арнайы шақырылған белгілі ғалымдар дәріс оқыды: ҚР ҒЗА академигі, ф. -м. ғ.д , профессор Н.Т.Данаев, т.ғ.д., РҒА СБ ЕТИ профессоры О.Л.Жижимов, т.ғ.д., РҒА СБ ЕТИ профессоры Г.С.Хакимзянов, ф. -м. ғ.д., профессор, РҒА СБ МИ «Логикалық жүйелер» лабороториясының меңгерушісі А.С.Морозов, , ф. - м. ғ.д., профессор, Татарстан Республикасы ҒА мүше –корреспонденті, ҚФУ алгебра және математикалық логика кафедрасының меңгерушісі М.М.Арсланов және т.б.

Кафедра магистранттары өтілімділікті НМУ механика - математика факультетінде өткізеді. Магистранттардың ғылыми жұмыстары республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциялар еңбектерінде жарияланумен қатар, ҚР басқа да жоғары оқу орындарының  ғылыми журналдарында басылып жарық көруде.

01.09.2007 ж 10.07.2011 ж. аралығында кафедра 21 адамды математика магистрі академиялық дәрежесімен оқытып шығарды. Олардың барлығы жоғары деңгейлі маман болды, олар терең білім иегері болумен қатар, қызмет саласында кәсіптік дағдылық пен біліктілік көрсетуде. Барлығы өз мамадығымен жұмысқа орналасты.

6N0601 - «Математика» мамандығы бойынша магистрлік диссертацияны дайындауға арналған талаптар мен орындау ережелерінің әдістемелік нұсқауы

2011-2012 оқу жылына «Математика» 6М060100 мамандығының магистрлеріне арналған кешенді емтихан бағдарламасы