Кафедра жетістіктері
2011 – 2012 жж кафедра жетістіктері
Кафедра профессоры С.Д. Тыныбекова cәтті ғылыми – педагогикалық қызметі үшін 2011 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері болды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл толуына арналып өткізілген мерекелік іс шарада «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі профессор Н.Г.Хисамиевке ҚР БҒМ «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» белгісі берілді.
Жыл сайын өткізілетін «Үздік кафедра – 2011» байқауында біздің кафедрамыз 1- ші орын алды және мақтау қағазымен, көпфункционалды құрылғымен (КФҚ) марапатталды.
«Үздік куратор-2011» байқауында 08-ВТ1 тобының тәлімгері И.П.Дронсейка 2 – орын алды. Сонымен қатар, Ирина Пранасовна ШҚМТУ оқытушылары арасында жыл сайын жүргізілетін «Үздік оқытушы – 2011» байқауының жеңімпазы болды.

РФ ҒА академигі Ю.Л.Ершов Н.Ғ. Хисамиевті марапаттауда.
2011 жылдың қазан айының 10 жұлдызынан 14 жұлдызына дейінгі аралықта Новосибирск қаласында алгебра, математикалық логика және алгоритмдер теориясынан «Мальцев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференция болып өтті,
Қатысушылар географиясы көп мемлекеттерді қамтыды: Россия, Қазақстан, Қырғызстан, АҚШ, Германия, Италия, Австралия, Оңтүстік Зеландия және басқа мемлекеттер.
Конференция бүкіл әлемге әйгілі, импакт – факторы жоғары «Алгебра және логика» журналының шығарылғанына 50 –жыл толған жылы өткізілді. Журнал ағылшын тілінде АҚШ – да қатарласып шығарылады. Бұл журналдағы мақаланың бір бетіне 25$ авторлық сыйақы беріледі.
Конференцияда осы журналға маңыздылығы ерекше жұмыстар жариялаған ғалымдарды және Математика институтының Ғылыми Кеңесінде докторлық диссертация қорғаған ғалымдарды күміс төс белгімен марапаттау жүргізілді. Осындай сый құрметке Қазақстаннан жоғары математика кафедрасының меңгерушісі Н.Ғ. Хисамиев ие болды, Н.Ғ. Хисамиев күміс төс белгімен марапатталды.
2010 – 2011 жж кафедра жетістіктері
2010 жыл – кафедра оқытушылары Мукашева Р.У. және Рахметуллина Ж.Т. диссертация қорғап, техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.
Кафедра профессоры Тыныбекова С.Д. «ШҚМТУ үздік профессоры 2010» байқауында үшінші орын алды.

Түлектерді шығармайтын кафедралар арасындағы «Үздік кафедра - 2010» байқауында біздің кафедрамыз бірінші орынды жеңіп алып, компьютермен марапатталды.
08- ВТ -1 тобы (кураторы Дронсейка И.П.) «Үздік кураторлық топ - 2010» байқауында үшінші орында табылып, СЕЛ «Простор». – да тегін демалу мүмкіндігімен марапатталды.
Кафедра оқытушылары Зайцева Г.А. және Тюлюбергенев Р.К 2011 жылдың наурыз айында ИТжЭФ командасы құрамында қысқы шаңғылық кросстан 1 - командалық орынды жеңіп алды.
2009 – 2010 жж кафедра жетістіктері
2009 жылдың 30 тамызынан қыркүйектің бірі аралықында, университет қабырғасында Қазаөстан Республикасынығ білім және Ғылым Министрлігінің қолдауымен, жоғары математика кафедрасының үшелерінің ұйымдастыруымен, «Вычислимость и модели» («Есептеулер мен үлгілер») Халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді. Конференция мақсаты: үлгілер теориясы, есептеулер теориясының теориялық және қолданбалы қырларын, олардың алгебра, геометрия және кибернетика қолданбаларын талдау болды.
Егер кафедрада осы уақытқа дейін ҚР ЖҰҒА бір академигі болса, 2008 жылғы қараша айынан ҚР ЖҰҒА академигі атағын кафедра меңгерушісінің орынбасары Тыныбекова С.Д. да алды.

Кафедра оқытушылары үздік профессор(Тыныбекова С.Д.) және үздік ассистент (Тюлюбергенев Р.К.) конкурстарында жүлделі орындарға ие болды.
«үздік кафедра (мамандар шығармайтын) - 2008» конкурсында жоғары математика кафедрасы мақтау қағазбен, ноутбукпен марапатталды.
Ш?МТУ оқытушыларының арасында жүргізілген мемлекеттік тілді білу байқауында Измайлов А.Л. құрметті II орынға ие болды.
Физика – математика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Л. Измайловға Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ профессоры құрметті атағы берілді.
Кафедра оқытушылары Г.А.Зайцева және Р.К.Тюлюбергенев жыл сайын қыста жүргізілетін шаң,ылы кроссқа белсенді қатысады. 2010 жылы наурыз айында олар ИТжЭФ командасы құрамында II командалық орынды жеңіп алды.
2008 – 2009 жж кафедра жетістіктері
«ШҚМТУ үздік кафедрасы - 2008» конкурсында жоғары математика кафедрасы екінші орынға ие болды.

ШҚМТУ оқытушылары арасында жүргізілетін конкурстың «Жылдың үздік ассистенті» номинациясында Тюлюбергенев Рустем Кабдыкаримович екінші орынға, «Жылдыңүздік профессоры» номинациясында Тыныбекова Сауле Джунусовна ШҚМТУ бойынша екінші орынға ие болды, «Жылдың үздік лаборанты» номинациясында Ясенкова Нелла Владимировна жеңіп шықты.
Кафедра оқытушылары пед.ғ.д. Тыныбекова С.Д. және ф.-м. ғ.к., доцент Крыкпаева А.А. инженерлік ЖОО халықаралық оқытушысы атағын алды.
Кафедра оқытушысы Бейсебай П.Б 2008 жылдың 14 қарашасында физика математика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне жету мақсатымен диссертация қорғады.
2007 – 2008 жж кафедра жетістіктері

«ШҚМТУ үздік кафедрасы - 2007» конкурсында кафедра бірінші орынға ие болып, «Жоғары математика» кафедрасының кафедра меңгерушісі Назиф Гарифуллинович.Хисамиев мақтау қағазымен марапатталды.
Ғылыми - педагогикалық қызметі үшін кафедра меңгерушісі Н.Г.Хисамиев 2007 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына ие болды.
ШҚМТУ оқытушылары арасында жүргізілетін конкурсты «Жылдық үздік ассистенті» номинациясында Бейсебай П.Б. бірінші орынға, Дронсейка И.П. екінші орынға, «Жылдық үздік профессоры» номинациясында Тыныбекова С.Д. ШҚМТУ бойынша екінші орынға ие болды.

ШҚМТУ оқытушыларының құрастырған оқу құралдарының арасынан «Орыс тіліндегі үздік мультимедиалық оқулық» номинациясынан жоғары математикадан электрондық оқулық үшінші орынға ие болды (авторлары- Хисамиев Н.Г., Тыныбекова С.Д.).
Mемлекеттік тілді білу олимпиадасында, құрамына жоғары математика кафедрасының аға оқытушысы В.В.Сидоренко кіретін, АТжЭФ командасы III орын алды (2008 жылңы 22 ақпан).
(22 ақпан 2008г.) ПОҚ арасында жүргізілген Кафедра оқытушылары ден саулық Күніне белсенді қатысады. Шаңғы кроссына кафедрадан кафедра меңгерушісі Н.Г.Хисамиев және аға оқытушы Г.А.Зайцева қатысты. АТжЭФ командасы шаңғы кроссынан жалпы есептеу нәтижесінде I орын алды (2008 жылғы 24 ақпан).