«Прибор жасау» мамандығы
050716 – «Прибор жасау» мамандығы
Бакалавр академиялық дәрежесі: Күндізгі оқу бөлімінде оқу мерзімі - 4 жыл
Магистр академиялық дәрежесі: Оқу мерзімі – 1,5 немесе 2 жыл
(бейімге байланысты)
«Прибор жасау» мамандығын бітіруші түлектің кәсіптік қызмет саласы: өндірісте, барлық салаларда, соның ішінде әскери-өнеркәсіптік, индустрия, көлік және байланыс, ауылдық және коммуналдық шаруашылық, медицина, білім және тұтыну саласы, зауыттық ғылыми-өндірістік зертханалар, жоғарғы оқу орындарындағы зертханалар, ғылыми орталықтар, ӨБПжА (КИПиА) кәсіпорындары, прибор жасау және автоматтандыру кәсіпорындары, сонымен қоса ӨБПжА қолданылатын барлық басқа өнеркәсіптер.
Оқу жоспарында мыналар алдын-ала қарастырылады.Компьютерді дайындау-дағы кеңейтілген бағдарламаны, электротехника, транзисторлы және аналогты электроника, сандық және микропроцессорлық құрылғылар негіздерін, приборларды құрастыру, жөндеу, тексеру, автоматандырылған жүйелерді және кешендерді жобалау, баспа платаларын жобалау, берілген мамандық аясында стандарттау, метрология және сертификаттауды оқу. Кафедрада «Жұлдыз» студенттік-техникалық бюросы жұмыс істейді. Университеттің технопаркінде «Заманауи прибор жасау» ғылыми өндірістік зертхана бар.
Студенттердің осы зертханаларда, ҮМЗ-ның ғылыми орталықтарында, және де оның ЦНИЛ, ЦЛИТ, УПКИ цехтарында, «Қазмырыш» АҚ, «КЭМонт» АҚ, «Имсталькон» АҚ, «Ө ТМК» АҚ және т.б практикадан өтуі қарастырылған.
«Прибор жасау» мамандығын дайындаудың ерекшелігістуденттердің Қазақстан Республикасының жетекші кәсіпорындары мен ғылыми орта-лықтарында өндірістік практикадан өтуі соңынан жұмысқа орналасуды жоспарлайды.
Оқу, дәрістер жүргізу мақсатындаҚазақстанның, Ресейдің, Украинаның және басқа шет елдердің жетекші ғылыми және өндірістік орта-лықтарымен белсенді ынтымақ-тастықта жұмыс жасайтын ғалымдар шақырылады. Маманның жұмысы прибор жасау саласында технологиялық материалдармен және техникалық жаңалықтармен қамтамасыз етуге бағытталған.
Мамандыққа сұраныстар. Шығыс Қазақстан облысында біздің мамандықпен тура және жанама байланысты ірі кәсіпорындар бар. Тура байланыстағы кәсіпорындар тексеруді, құрастыруды, жөндеуді, жобалық-конструкторлық жұмысты орындайды. Жаңа инновациялық технологияларды жасауда, оларды өндіріске енгізу приборжасау саласындағы жоғары білікті мамандарынсыз мүмкін емес. Күрделі технологиялық жүйелердің және өндірістік циклдің техникалық қызмет көрсетуі де жоғары білікті прибор жасау-маманымен қамтамасыз етіледі. Өнеркәсіптің дамуымен бұл мамандыққа сұраныс барлық уақытта жоғары болады, себебі кез-келген өндіріс жаңа жоғарғы дәлділіктегі бақылау-өлшеуіш приборларымен автоматтандыруды, жаңғыртуды қажет етеді.