Тәрбие жұмысы

050717 және 050718 мамандығының әр-бір академиялық тобының тәрбие жұмыс жоспарына сай құқықтық тәрбие,  құқықтық әдістемелік ақпараттық қамтамасыз етіледі.Әрбір академиялық топқа университет бұйрығымен кураторлар және жетекшілер тағайындалады. Жыл есебі бойынша кураторлар (жетекшілер) аттестациядан өтеді. Тәрбие жұмыс мәселелері факультет және кафедра отырыстарында қаралады.

Өзін-өзі жетілдіру барысында университетте әр түрлі пікірталастар өтеді, клубтар, спорт секциялары, көркем өнер ұйымдары қарастырылған.(1-ші курс талантары, КВН, студенттік көктем, және т.б.)

Кәсіби мамандардың қытысуымен әр түрлі психологиялық ойындар өткізіледі. Студенттер университеттің өміріне белсенді қатысады. 1-ші курс талантары, КВН, студенттік көктем, ашық есік күндері және т.б. Сонымен қатар «Энергетиктер күнін» атап өту дәстүрге айналды, оған студенттер мен қатар кафедра оқытушылары қатысады. Студенттер концерт даярлайды, оған энергетикалық компаниялардың бас мамандары, жетекшілері шақырылады. Концерттен кейін шәй ішеді.

050717-050718 мамандықтарының студенттері университетте жаряланған олимпиадаларға, жобаларға, конкурстарға қатысады және облыстық, республика көлемінде спрот жарыстарына  қатысады.

Жыл сайын студенттерге гранттарға, ҚР президентінің стипендиясына, Болашақ стипендиясына, Қазкомерцбанктің стипендиясына, университет Ректорының стипендиясына ие болу үшін конкурстарға  қатысуға мүмкіндік беріледі.

Президенттің жолдауы «Қазақстан - 2030» көрсетілген салуатты өмір салтын сақтау принциптерін іске асыру барысында, «Халық ден-саулығы» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру факультеттің оқу-тәрбие жоспарына сай денсаулық күні, СПИДке, нашақорлыққа, шылым шегуге қарсы акциялар жүргізіліп отырады.

Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатымен кураторлар: «Тәуелсіздік күні», «ҚР символдары күнін», «Наурыз» және т.б. арналған кураторлық сағаттар жүргізеді. Студенттер Тілдер апталыға қатысады, тарихқа және мемлекеттік символикаға  арналған олимпиадаларға қатысады.