Оқу үрдісін ұйымдастыру

«Өндірісік энергетика» кафедрасының мамандарын дайындауды қаматамасыз ету үшін 050718 «Электроэнергетика», 050717 «Жылу энергетикасы» мамандықтары бойынша нормативтік кешен және әдістемелік құжаттар бар. ҚР ГОСО 3.08.344 – 2006, ҚР ГОСО 3.08.343 – 2006 мемелекеттік жалпы білім беру стандарты, типтік оқу жоспары, ЖОО-ның кеңесі бекіткен негізінде жүргізіледі.

Оқудың жаңа әдістерін енгізу, студенттердің танымдық қасиеттерін жетілдіру, жеке дайындықты арттыру. (.pdf, 132Kb).

Студенттердің білімін бақылау.

         2005 жылдан бастап университетте студенттердің білімін бағалау рейтинг жүйесі бойынша жүргізіледі. Кафедра студенттердің білім сапасын ай сайын тестік бақылау және сабақ үстінде сұрау негізінде ішкі аралық бақылау жүргізеді. Білім сапасының қорытындысы топтың кураторлық сағаттарында және кафедра отырысында талқыланады. 050717, 050718  мамандығының пәндері бойынша білім сапасын бағалау рейтингтік жүйе негізінде жүзеге асады (сабақты босатпау, уақытында жұмысты орындау, аралық бақылау жұмысы).

ДП8.2.4-I-2009 «Студенттердің білімін бағалау және қорытынды бақылау» студенттердің емтихан сессиясы кезеңінде обьективті түрде білімді бағалау мақсатында құрастырылған.

         Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да студенттердің қорытынды білімін бақылау екі негізгі формада (емтихан):

  • компьютерлік тестілеу;
  • қағазда жазылған сұрақтар бойынша емтихан  тапсыру.

Ағымдағы және аралық бақылауды оқытушы өзі жүргізеді. Қорытынды тестілеу ЖОО-ның орталық тестілеу орталығы арқылы жүзеге асады. Барлық студенттер міндетті түрде емтихан тапсырады. Оқу жүйесінің түріне байланыссыз емтихан автоматты түрде қойылмайды.

Бекітілген кесте бойынша емтхандар электрондық тестілеу түрінде компьютерлік сыныптарда өткізіледі.

Оқытушылардың кеңес беру, оқытушылардың өз ара сабаққа қатысу журналы және кафеда меңгерушісінің сабаққа қатысуын бақылау кестесі бар. Ашық сабақтар кафедра отырысында талқыланады.

Өндірістік тәжірибе

Іштей немесе сырттай оқу түрінің студенттері барлық оқу кезеңі аралығында өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өтеді. Тәжірибе көбінесе қаладағы ірі өнеркәсіптер АҚ AES Өскемен ЖЭО, АҚ Қазмырыш, АҚ Жылу жүйесі, АҚ KEGOS, АҚ ШҚ РЭК, АҚ КЭМОНТ және т.б. 1 курс студенттері оқу тәжірибесін өту барысында жұмысшы мамандықтарын игереді: 050718 – «Эксплутация бойынша электромонтер және өнеркәсіптің кәсіпорнындарында электржабдықтау мен электр құрылғыларын жөндеу», 050717 – «Жылу жүйесі және жылуэнергетика жабдықтарын жөндеу және эксплутация бойынша слесарь». Курсты аяқтағаннан кейін қабылданған үлгіде куәлік беріледі.

Дипломдық жобалау

Оқу үрдісін аяқтағаннан кейін студент мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан тапсырады және дипломдық жобалау жазады.

Дипломдаудың негізгі бағыттары:

  • 050718 мамандығы бойынша  - электржабдықтау жүйесін жобалау, электржабдықтау жүйесін жөндеу, станциялардың электрлік бөлімдерін жобалау;
  • 050717 мамандығы бойынша қазандықты жобалау, қазандық агрегаттарды есепке алу, күлді шығару жүйесін жөндеу, энергия көзінің альтернативті көзі.

Аралық бақылауды жүргізудің ережесне сәйкес, білім ұйымдарында оқитындар аралық және қорытынды мемлекеттік аттестациялауда кафедра келесі жұмыстарды атқарады: дипломдық жобалауға байланысты әдістемелік нұсқауларды дайындау және жарыққа шығару; дипломдық жобалаудың тақырыптарын бекіту; дипломдық жобалаудың (жұмыстардың) тақырыбын бекіту және жетекшілерді дайындау туралы бұйрық шығару; дипломдық жобалаудың (жұмыстардың) орындалуы туралы жопар жасау; рецензенттерді тағайындап, бұйрық шығару.

Дипломдық жобалау 100% Microsoft Word, Excel, AvtoCad, Компас,Visio бағдарламалары арқылы жүзеге асады.

Инновациялық бағыттарға зерттеулер мен өңдеулер жатады:

  • 1000В жоғары кернеуі бар электрқұрылғыларын эксплутациялауда электрқауіпсіздігінің деңгейін жоғарлату;
  • Таулы өнеркәсіптерде  6-10 кВ жүйедегі біртекті тұйықталудың жерге микропроцессорлік қорғауын зерттеу;
  • 6-10\0,4 кВ тарату жүйесінде энергияның жоғалуының анализдік әдістерін анықтау;
  •  Тұрғын комплекстерде жылумен қаматамасыз етуде энергиямен қаматамасыз етудің альтернативтік көздерін қолдану;
  • Электрмен қамтамасыз етудің беріктілігінің  модельдік методологиясын жасау.