Тәрбие жұмысы

Кафедрада студенттермен тәрбие жұмысы белсенді түрде жүргізілуде.

Кураторлар мен тәлімгерлердің жұмысы бірнеше бағыт бойынша жүреді:

  • тәрбие жұмысын ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз ету;
  • азаматтық-отаншылдық және хұқықтық тәрбие;
  • рухани-құлықты тәрбие;
  • студенттер тұлғаларының коммуникативтік мәдениетін және әлеуметтік-мағыналы сапаларды құрастыру, жас дарындарды дамыту және қолдау.

Кураторлар мен тәлімгерлер студенттермен үлгерім сұрақтары бойынша жұмыс жүргізеді, рейтингтер мен сессия нәтижелерін талқылайды, оқу кезіндегі туатын мәселелерді шешуге көмек көрсетеді. «Өте жақсы» және «жақсы» оқитын студенттердің ата-аналарына алғыс хаттар жібереді. Студенттер арасындағы «Оқытушы студенттер көзімен» сауалнамасын өткізуге қатысады. Күзде және көктемде кураторлық топтармен сенбілікке шығады.

pic17  pic16

«Математикалық және компьютерлік үлгілеу» және «Жылу энергетикасы» мамандықтарының студенттері сенбілікте

Студенттер оқытушылармен бірге ҚР Конституциясы Күніне, Қазақстан халқының Бірлік күніне арналған мерекелік шерулерге қатысады.

Конституции РК,  Дню единства народов Казахстана.

pic18   pic19  pic20

Оқытушылар мен студенттер ҚР Конституциясы Күніне, Қазақстан халқының Бірлік күніне арналған шараларда

Жыл сайын кураторлар студенттермен бірге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылайды. Кураторлар кураторлық сағаттар өткізеді және Қазақстандағы экстремизм мәселесін талқылайды.

pic21

09-ТЭК-1 тобында кураторлық сағат өтіп жатыр

Кафедра оқытушыларымен жыл сайын әртүрлі дәрістермен сөз сөйлейді, дөңгелек үстелдер өткізеді. Талқыланған тақырыптар: «Қоршаған орта экологиясының мәселелері және оларды шешу әдістері», Қарым-қатынас жүйелері «студент-студент», «студент-оқытушы», «студент-әкімшілік», «Жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесінің өзектілігі. Кәсіптік салада өзін-өзі жетілдіру», «Салауатты өмір салты – сұлулыққа, жастық пен ұзақ өмір сүруге жол!».