Математикалық және компьютерлік үлгілеу
5B070500 мамандығы
Кафедрада 2005-2006 оқу жылынан бастап бакалаврлар дайындығы 5B070500 - Математикалық және компьютерлік үлгілеу мамандығының күндізгі оқу түрі бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Болашақ – бұл компьютерлер мен ақпарат әлемі. Математикалық модель әзірлеу, компьютерлік есептеуді жүзеге асыру, болжам құру, оңтайлы шешім табу және оны талдау кез-келген кәсіпорын қызметінің негізі бола алады. Сондықтан математикалық және компьютерлік үлгілеу XXI ғасырда ең талап етілген мамандықтардың бірі болады.
Таларкерлер үшін 5B070500 – Математикалық және компьютерлік үлгілеу мамандығы бойынша ақпарат:
- Оқу мерзімі – 4 жыл.
- Оқу түрі – күндізгі несиелік оқу жүйесі бойынша.
- Білім беру деңгейі – жоғары кәсіптік білім беру.
- Алатын академиялық дәреже – математикалық және компьютерлік үлгілеужөніндегі бакалавр.
Осы мамандық бойынша білім ала отырып, Сіз математикалық және компьютерлік үлгілеу негіздерін, компьютерлік графиканы, бағдарламалауды, аналитикалық жағынан шешілмейтін теңдеулер жүйелерін зерттеу үшін сандық әдістерді қолдануды зерделейсіз.
Сізді физиктермен, химиктермен, инженерлермен алынған көптеген әр түрлі ақпаратты бір жүйеге келтіруді және бұл негізде математикалық модельдер құруды үйретеді, олар болжау, талдау, жоспарлау үшін қолданылады, яғни оңтайлы басқарушылық шешімдерді негізділеп қабылдауға мүмкіндік береді.
Оқу нәтижесінде Сіз ғылыми-зерттеу, жобалық, телекоммуникациялық, білім беру мекемелерінде, өнеркәсіптік өндірістерде жұмыс істей аласыз, физикалық, табиғи, медициналық, биологиялық, экономикалық және химия-технологиялық үдерістер үшін математикалық модельдерді жүзеге асыра отырып, деректер базасын құру және басқару, жоғары деңгейлі объектілік-бағдарланған тілде бағдарламалау; күрделі анимациялық эффект жасау.
Оқу кезінде жігіттер мен қыздар әскери дайындықты өте алады, оны аяқтағаннан кейін әскери атаққа – лейтенант атағына ие болады.
ЖОО-да оқуды аяқтаған соң, бітірушілер кафедра жанындағы магистратурада және аспирантурада оқуды жалғастыра алады.