Ғылыми-зерттеу жұмысы

Жыл бойы кафедраның ғылыми потенциалы мен ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерін өндіріске енгізудің мүмкіндіктері қажеттілігінің мониторингісі жүргізіліп келеді. Кафедра ғылыми жобалар конкурстарына қатысты, оның ішінде «Су жіберу мен сөндіргіштер параметрлерінің жақсаруы есебінде ГТҒ қауіпсіздігінің жоғарылауы» жобасы, жобаның құны 907 млн.теңгені құрайды,  тапсырыс беруші ҚР ТЖМ.

Кафедра қызметкерлерімен әлеуметтік-экономикалық және ҚР ғылыми-техникалық модернизациялау бағдарламасына  қатысу үшін төмендегідей бағыттар бойынша құжаттар жасалды:

  • Аспап жасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру. Жетекші - т.ғ.д., профессор А.И.Квасов, ф.-м.ғ.к. А.Е.Бакланов.
  • Ақпаратты сандық өңдеу және математикалық үлгілеу. Жетекші - ф.-м.ғ.к. О.Е.Бакланова.

Кафедра оқытушыларымен инициативалық ғылыми зерттеулерді активтендіру және реттеу үшін ғылыми бөлімде инициативалық  ҒЗЖ  тіркеліп және орындалып жатыр: № 58-08 - «Табиғи, технологиялық және экономикалық үдерістерді математикалық және компьютерлік үлгілеу», жетекші А.И.Квасов.

ПОҚ дайындау және біліктілігін көтеру біліктілік көтеру курстарын, магистратура, аспирантура оқу арқылы жүзеге асады. ПОҚ ҒЗЖ-ның негізгі бағыттары кафедраның ҒЗЖ арқылы орындалады.

Кафедрада интелектуалдық меншік объектісінің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктер, сонымен қатар, өнертабысқа патенттер алынған:

  • №1572  15.10.2010 ж. «Көп процессорлы есептеуіш кластерде жүзеге асыру үшін ақпараттық ресурстарды паралелль өңдеудегі ЭСАД бағдарламалық кешені» (ЭЕМ үшін бағдарлама);
  • №1396 19.08.2010 ж. «Өзгермелі геометриямен бірге гидроциклондар параметрлерін автоматтандырылған реттеу жүйесімен басқару» (ЭЕМ үшін бағдарлама);
  • №1580  19.10.2010 ж. «Өзгермелі геометриямен бірге гидроциклон жұмысын үлгілеу бағдарламасы» (ЭЕМ үшін бағдарлама);
  • №1605  22.10.2010 ж. ««КАЭС-1» Электрлік схемаларды сапалы талдау және  конструкциялау бағдарламасы» (ЭЕМ үшін бағдарлама);
  • Электр энергия есептеуіштері көрсеткіштерін беру және автоматтық түрде жинау жүйесі.  Патент №67384   31.05.2010 ж.
  • Гидроциклон жұмысын реттеу әдісі. № 2010/0710.1 өнертабысына инновациялық патент беру туралы қорытынды.
  • Гидроциклон. № 2010/0708.1 өнертабысына инновациялық патент беру туралы қорытынды.

Кафедра қызметкерлері халықаралық ғылыми, ғылыми-практикалық және ғылыми әдістемелік конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға әрдайым қатысып тұрады. Халықаралық деңгейдегі басылымдарға кафедра қызметкерлері мен магистранттарының мақалалары, баяндама тезистері жарияланып тұрады.

2011 жылы 24-25 қарашада ШҚМТУ «Инновациялық экономикаға жол. Жиырма жыл даму: жетістіктер мен мақсаттар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Аталған конференцияға кафедра оқытушылары мен магистранттары белсенді қатысты.

pic6 pic7 pic5

Кафедра оқытушылары мен магистранттары конференция павильонында

pic9 pic8

Кафедра оқытушылары мен магистранттары секциялық конференция отырысында

Кафедрада «Табиғи, технологиялық және экономикалық үдерістерді математикалық және компьютерлік үлгілеу» бағыты бойынша үдерістер мен жүйелерді үлгілеудің кафедрааралық лабораториясы жұмыс істейді. Лаборатория Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ құрылымдық бөлімшесі болып табылады және инновациялық қызмет пен  ғылыми-зерттеу жұмысы орталығының құрамына кіреді.