Инновациялық жобалар
Жоба тақырыбы: «Жарықдиодтық технологиялар және жарық түсіруді басқаруды автоматтандыру негізіндегі өнеркәсіптік және әкімшіліктік ғимараттарының энергия үнемдеуінің кешенді жүйесі».
Құрастырушылар: т.ғ.д., профессор А.И. Квасов, ф.-м.ғ.к. А.Е.Бакланов.
Жобаның қысқаша мазмұны:
Энергия жабдықтаудың құрастырылып отырған кешендік жүйесі өнеркәсіптік және әкімшілік ғимараттарды жарықтандыру үшін жаңа заманауи жарықдиодтық элементтерді бұрынғы ескі жарықтандыру элементтерімен ауыстыруға және де жобада құрастырылған конструкцияларды қолдануға негізделген. Жаңа жарықдиодтық жарықтандыру конструкцияларын тиімді қолдану және жұмысын қадағалау арқылы өнеркәсіптік және әкімшілік ғимаратты қамтитын энергия үнемдеу жүйесінің сынақтық үлгісі жасалынды. Жасалынған энергия үнемдеу жүйесін пайдалану электр энергиясын үнемдеуге және тиімсіз қыздыру шамдарынан, сынап буы бар люминесценттік шамдардан бас тартуға мүмкіндік береді.
Құрастырылып отырған жүйе жаңа жарықдиодтық шамдарға негізделген. Жарықдиодтық жарық көздерінің люминесценттік шамдардан басты артықшылықтары:
- электр энергиясын екі есе үнемдейді;
- жарық өткізудің жоғары индексі (CRI)
- жоғары тиімділік (модульдің жарық қайтаруы 1 Вт-қа 115 Люменге дейін);
- жыпылықтамайды – стробоскопикалық әсері жоқ;
- жарықдиодтық жарық көзінің қызмет ету уақыты – 100 000 сағат;
- қосымша сервистік қызметті қажет етпейді;
- дыбыссыз;
- экологиялық қауіпсіздік – сынап қосылған элементтері жоқ;
- өрт туғызбайды.
Қазіргі күнде қыздыру шамдары мен люминесценттік шамдарды жарық диодтармен және жарықдиодтық шамдармен алмастырудың екі жаңа әдістері кұрастырылған.
Жарықдиодтық жарық көздерінің екі конструкциясы жасаланды.
1. Жарық диодтарға арналған ішінде қоректендіру көзі бар стандартты патронды қолданатын қыздыру шамына баламалы конструкция (1 сурет). Бұл конструкцияны қолдану тұрғын үйлердің кіреберістерін жарықтандырудың көрсеткіштеріне сәйкес келді (2 сурет).

Сурет 1 Сурет 2
2. «Армстронг» (4 люминесценттік шам 0.4 м х 20 Вт) люминесценттік шамдар комплектісіне балама конструкция (3 сурет). Бұл конструкция ШҚМТУ оқу корпустарының дәліздерін жарықтандыру үшін қолданылуда (Сурет 4).

Сурет 3 Сурет 4
LED (ағыл. «light emitting diodes» - жарық шығаратын диодтар) жарықдиодты жарық көздері өздерінің үнемділігі мен тиімділігі жағынан соңғы онжылдықта қолданылатын жарықтандыру құралдарының (люминесценттік шамдар, қыздыру шамдары, галогендік және т.б. шамдар) орнын басты.
Жарық қайтару көрсеткіштері (қазіргі күнге бір ваттан 145 люмен) әрдайым артып келе жатқан жарық диодтардың люминесценттік шамдардан басқа да көптеген артықшылықтары бар (бір ваттқа 80 люменнен көп емес). Жарық диодтарды өндірушілер қызмет ету уақыты 11 жыл үздіксіз жұмысқа тең келетін 100 000 сағатқа дейін жетеді дейді. Өте жоғары механикалық беріктік және сенімділік шыны құтының жоқтығымен анықталады. Қауіпсіздіктің жоғары деңгейі төмен кернеумен және аз жылу шығарумен кепілденеді.

т.ғ.д., профессор А.И. Квасов, ф.-м.ғ.к. А.Е.Бакланов
Жоба тақырыбы «В-сплайндарды қолдану арқылы ∑∏-аппроксимация алгоритмі негізінде мәліметтерді қысу әдістерін құрастыру»
Құрастырғандар: ф.-м.ғ.к О.Е.Бакланова
Мақсаты: В-сплайндарды қолдану арқылы ∑∏-аппроксимация алгоритмі негізінде мәліметтерді қысу технологиясын құрастыру.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі іс-шаралар қарастырылған:
- Екі айнымылыдан функционалдық тәуелді мәліметтерді қысу мәселесін ∑∏-аппроксимация алгоритмі негізінде қажетті дәлдікпен зерттеу.
- ∑∏-аппроксимация алгоритмін жалпы көзқарас негізінде тұжырымдау қажетті дәлдік алу үшін функциональды тәуелділіктер класын және бағалау түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
- Жартылай реңді құрауыштарға түрлі түсті бейнелерді қою үшін факторлық талдау әдістерін құрастыру.
- Октоағаштар алгоритмі негізінде түстерді дөңгелектеу әдістерін құрастыру.
- Нәтижелерді талқылау, оларды ғылыми-практикалық конференцияларда апробациялау.
- Құрастырылған технологияны тәжірибелік қолданыстағы нәтижелерін апробациялау, ұсынылған алгоритмдер бойынша өңделген үлгілерге талдау жасау.
- Құрастырылған программалық өнімге патент тіркеу, нәтижелерін басылымдарға шығару, құрастырылған технологияны енгізу және іске асыру үшін серіктестер іздеу.
Күтілетін нәтижелер:
- Жекелікте, күңгірт бейнелерден, екі айнымалылардан үзіліссіз және дискреттік функциональды тәуелділіктерді қысу есебін шешудің тиімді есептеуіштік сұлбаларын құрастыру
- Бейнелерге факторлық талдау жасау негізінде жартылай реңді құрауыштарға түрлі түсті бейнелерді қоюдың тиімді есептеуіштік сұлбаларын құрастыру.
- Программалық өнім жасау, патент алу.
- Құрастырылған технологияны қолданысқа енгізу

Ф.-м.ғ.к. О.Е.Бакланова