Тәрбие жұмысы
Кафедрада тәрбие үдерісін жетілдіру бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі, студент жастарды тәрбиелеу мәселелері жөніндегі Университеттің жұмыс жоспары ұдайы орындалып тұрады. Болашақ мамандығы туралы студенттердің көбірек ақпарат алулары үшін «Ашық есік күнінде» кафедрада ақпараттық технологиялар саласының жетекші ғалымдары және мамандарымен қызықты кездесулер өткізіліп тұрады. Нашақорлық, шылым шегу, СПИД-ке қарсы күреске арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады. Біздің мамандықтардың студенттері Студенттердің ғылыми конференциясына, пән олимпиадаларына, «1С-Карьера» іс-шарасы мен конкурсына қатысады. Біздің кафедрамыздың бүкіл ұжымының қызметінде кәсіптік бағдар беру жұмысы алдыңғы қатардағы жұмыстарға жатады. Ең жақсы деген түлектердің біздің мамандықтарға оқуға түсуіне тек оқытушылар емес, сондай-ақ студенттер де қызығушылық білдіреді. Студенттер Университетіміздің «Бірінші курс таланттары», «Студенттік көктем», «ШҚМТУ күні», «Студенттер қатарына қабылдау» сияқты және т.б. көптеген іс-шараларына белсене қатысады. Кафедраның оқытушылар құрамы жастарға салауатты өмір салтын ұстануға үлгі көрсетеді. Загайнов И.А., Парамзин А.П., Багазова Н.А. және басқа да оқытушылар – жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, үстел теннисі бойынша ОПҚ арасындағы Университет спартакиадасына белсенді қатысушылар және жүлдегерлері.
Тәрбие жұмысы бойынша өткізілетін іс-шаралар:
- «жақсы» және «өте жақсы» оқитын студенттердің ата-аналарына алғыс хаттарды жолдау;
- үлгермейтін студенттердің ата-аналарымен қарым-қатынас жасау;
- студенттерді ғылыми жұмысқа тарту, ҒТК, халықаралық конференцияларға, пән олимпиадаларына қатысу;
- студенттерді студенттік өзін-өзі басқару, КДМ,кәсіподақ комитеті жұмысына тарту;
- Конституция күні, Республика күні, Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараларға, «Бірінші курс таланттары», «Студенттік көктем» және сенбіліктерге қатысуға тарту;
- студенттердің жоғарғы оқу орнының мерекелік және мәдени-бұқаралық іс-шараларына қатысуын ұйымдастыру;
- «Аз қамтылғандарға көмек» акциясына қатысу;
- түрлі тақырыптарға арналған кураторлық сағаттарды өткізу.