Мамандықтар тізбесі
Кафедра:
- Бакалаврларды:
- 5B070300 – Ақпараттық жүйелер
- 5B070400 – Есептеуіш техника және бағдарламалық жасау мамандықтары
- Магистрлерді:
- 6M070300 – Ақпараттық жүйелер
- 6M070400 - Есептеуіш техника және бағдарламалық жасау бағыттары
- Докторантура:
- 6D070300 - Ақпараттық жүйеле
5B070300 – Ақпараттық жүйелер бакалаврларын даярлау мамандығы.
Оқыту формалары бойынша мерзімдер:
- орта білім базасында: күндізгі – 4 жыл; сырттай – 5 жыл;
- орта арнаулы білім базасында: күндізгі және сырттай – 3 жыл;
- жоғары білім базасында: сырттай – 2 жыл.
Оқуды бітіргеннен кейін ақпараттық жүйелер бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Оқытылатын пәндер:
- ақпараттық жүйелер негіздері және кәсіпорындардың ақпараттық жүйелері;
- деректер базалары жүйелері және деректер базаларын жобалау;
- компьютерлік жүйелер архитектурасы және компьютерлік желілер;
- ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау;
- WEB технологиялар;
- ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдары және ақпараттық жүйелерді жобалау және т.б.
5B070400 – Есептеуіш техника және бағдарламалық жасау бакалаврларын даярлау мамандығы.
Оқыту формалары бойынша мерзімдер:
- орта білім базасында: күндізгі – 4 жыл; сырттай – 5 жыл;
- орта арнаулы білім базасында: күндізгі және сырттай – 3 жыл;
- жоғары білім базасында: сырттай – 2 жыл.
Оқуды бітіргеннен кейін есептеуіш техника және бағдарламалық жасау бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Оқытылатын пәндер:
- бағдарамалау технологиялары, бағдарламаларды әзірлеудің инструменттік құралдары, жүйелік және қолданбалы бағдарламалау;
- Windows, Unix, Linux ядролары базасындағы операциялық жүйелер;
- компьютерлік желілер және есептеуіш жүйелер мен желілерді ұйымдастыру;
- ақпарат теориясы, басқару модельдері мен әдістері;
- ақпараттық қауіпсіздік негіздері;
- компьютерлік жүйелер интерфейстері мен Интернет технологиялар және т.б.
6M070300 – Ақпараттық жүйелер – магистрлік даярлау бағдарламасы.
Даярлау бағыттары мен мерзімдері:
- профильдік бағыт – 1,5 жыл
- ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл.
Оқыту формасы – күндізгі.
Диссертацияны сәтті қорғағаннан кейін оқу мерзіміне тәуелсіз ізденушіге техника және технология магистрі академиялық дәрежесі беріледі.
6M070400 - Есептеуіш техника және бағдарламалық жасау – магистрлік даярлау бағдарламасы.
Даярлау бағыттары мен мерзімдері:
- профильдік бағыт – 1,5 жыл
- ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл.
Оқыту формасы – күндізгі.
Диссертацияны сәтті қорғағаннан кейін оқу мерзіміне тәуелсіз ізденушіге есептеуіш техника және бағдарламалық жасау магистрі академиялық дәрежесі беріледі.