Ғылыми-зерттеу жұмысы
Кафедраның ғылыми мүдделері зерттеулер бағыттарының кең спектрін қамтиді:
- табиғи ортаның техногенді өзгерген жағдайының сапасын үлгілеу және бағалау (Өскемен қ. үлгісінде);
- автоматтық жүелердің анализі мен синтезінің құрылымдық әдістері;
- компьютердік жүйелер мен желілердің аппараттық құралдарының жүйе техникасы мен сұлба техникасы;
- бюджеттің дефицитін/профицитін сараптамалық бағалау жүйесін әзірлеу (Шығыс Қазақстан облысы үлгісінде);
- білімді ақпараттық басқару жүйесінің модельдері және әзірлеу әдістері (білім беру ұйымы үлгісінде);
- IntraWeb-сәулет өнеріндегі электронды әдістемелік құрал;
- иерархиялық құрылымы бар объектілерді бағалау және төтенше жағдайларды сыныптылау үшін нейро-желілік технологияларды қолдану;
- зиянды заттардың атмосфераға шығарылымын азайту үшін өнеркәсіптік тозаң-газтұтыну аппараттарындағы ИФС-1 инфра-дыбыстық аспабын қолдану технологиясы.
05.25.05 - "Ақпараттық жүйелер мен үдерістер, информатиканың құқықтық аспектілері" мамандығы бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін іздену диссертациясы шегінде ақпараттық технологиялар компоненттерін әзірлеу бойынша көкейтесті міндеттер шешілуде:
- мемлекеттік бағдарламалармониторингісі (Тұрмыстық құрылысты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы үлгісінде);
- облыс бюджетінің кіріс бөлігін жоспарлау үдерісін қамтамасыз ету;
- білім беру ұйымының білімін басқару.
Магистрлік диссертациялар дайындау шегіндегі ғылыми зерттеулер тақырыптамасына инновациялық түрдегі электронды университеттің тұжырымдамасын құру және қалыптастыру саласына ақпараттық технологияларды енгізудің келешекті бағыттары кіреді:
- жоғары оқу орынның білім беру порталы негізінде ресурстық орталық құру үшін GRID-технологияларды қолдану;
- е-университеттің онтологиялық білім базасын және семантикалық web-порталын әзірлеу;
- жоғары оқу орынның ғылыми әлуетін басқарудың сараптамалық жүйесін әзірлеу;
- DVD-Video формат негізінде білім базасын қалыптастыру;
- қорғалған реляциялық деректер мен XML деректерінің кешенді серверітұжырымдамасын жобалау.
Кафедра зертханаларында компьютерлік және ақпараттық желілер саласында зерттеулер жүргізілуде.
Кафедрадағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы оқу үдерісін жалғастыру және тереңдету болып қарастырылады және жас мамандардың теориялық, техникалық, ғылыми, ақпараттық дайындығын арттырудың маңызды құралы болып табылады. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының мамандықтарында оқитын студенттер белсенді әрі нәтижелі түрде республикалық, және де халықаралық деңгейдегі конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға қатысады.
Біздің университеттің негізінде өткізілетін студенттер, магистранттар, аспиранттар мен жас ғалымдардың дәстүрлі болып кеткен Республикалық ғылыми-техникалық конференциясына қатысушылар саны жалдан жылға көбейіп келеді. 2008 жылы «Білім, ғылы мен техникадағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» секциясына 78 студент қатысты, 64 баяндама тыңдалды. Конференцияның қорытындылары бойынша кафедра студенттері мен магистранттарының 21 баяндамасы жарияланды.
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының құрылымдық бөлімшесі ретінде «INFORM-XXI» студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесі ұйымдастырылды. Аталған үйірменің қатысушылары түрлі олимпиадаларға қатысады.
Есептеу ғылымдары бойынша Америка Ұйымы, ICPC ұйымдастырған Студенттік командалар арасында бағдарламалаудан жыл сайын өтетін әлем чемпионатында: ACM International Collegiate Programming, ШҚМТУ командасы келесі құрамда: А.Бец, В.Фисков (04-ВТ-2), И.Зноев (05-ВТ-2) және А.Смайылов (07-ВТ-2) Алматы қ. өткен аймақтық турнирге қатысу нәтижесі бойынша Барнауыл қ. өтетін жартылай финалға жолдама алды. Онда біздің команда жақсы көрсеткіштерге жетіп, тиісті сертификатпен марапатталды.
Информатикадан өткен INFORM-2008 Республикалық студенттік олимпиадасында ШҚМТУ командасы келесі құрамда: В.Фисков (04-ВТ-2) және И.Зноев (05-ВТ-2) 2-ші орын алды.
04-ВТ-1 тобының студенті Д.Быченко Мәскеу қ. өткен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған 1С ортасында есептік-талдамалық міндеттерді объектілік-бағдарлық бағдарламалау бойынша XXI Халықаралық олимпиаданың нағыз жеңімпазы атанды. Ол Париж қ. жолдама алып, марапатталды.
Сонымен қатар, 2008ж. Д.Быченко КС сыйақысының иегері болды, бұл жас мамандар дайындаудың инновациялық моделі шеңберінде студенттердің шығармашылық әлуетін жандандыру мақсатында «Предприятие КС» ЖШС-мен ынтымақтастық құру туралы шарт шегінде бікітілген сыйақы.
Кафедраның студенттері ғылыми жобалардың Республикалық конкурсына кафедра оқытушыларының жетекшілігмен белсене қатысады, кейбір конкурстар дәстүрге айналып, жыл сайын өткізіледі. 2008ж. ең үздік ғылыми студенттік жұмыстың Республикалық конкурсында Р.Қырғышбаева жүлделі II орынға ие болды.
Е.Худоложкина (05-ИС-1) облыстық ұлттық жастар Дельфия ойындары Аймақтық турының «Web-дизайн» номинациясында гран-при иегері атанды.