Әдістемелік жұмыс

Кафедраның әдістемелік семинарының жұмысын профессор А.П. Парамзин басқарады. Ай сайын семинар отырыстарында дәстүрлі пәннің оқу-әдістемелік қамтылуын сараптаумен қатар, келесі сұрақтар қарастырылады:

  • ИТ-маманының компетентті моделін қалыптастыру мақсатында жобалық- ұйымдастырушылық, проблемалық және тұлғалық бағдарлық оқыту технологияларын енгізу;
  • Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша Интернет – технология жетістіктерін пайдалана отырып, пәнді меңгертудің әдіснамасын дайындау;
  • Интерактивті режимде оқыту үшін оқу үдерісінде мультимедиялық дәрістер курсын пайдалану;
  • Студенттерді үздіксіз даярлау концепциясы негізінде дайындалған әдістемелік материалдармен өндірістік тәжірибелерді қамтамасыз ету ж.т.б;

Кафедра студенттерін үздіксіз тәжірибелі түрде даярлаудың инновационная моделі кафедраның өндірістегі филиалдарымен бірлесе отырып іске асырылады және келесілерді қамтиды:

  • Тәжірибе бағдарламасын даярлау мен жеке тапсырманы құру бұл жерде ғылыми қызығушылықтары, өндірісте шешілетін нақты мәселелер ГОСО талаптаря ескерілуі тиіс; жеке тапсырманы құрудағы негізгі ескерілетін жай ол, кафедра қажеттілігі, өндіріс қажеттілігі және студенттің оқу бағытының бір бірімен сәйкес келуі болып табылады; 

Проектно – ориентированная модель подготовки ИТ-специалиста

  • Тәжірибені филиалда өткізу келешекте курстық және дипломдық жобада пайдалану үшін автоматтандыру нысаны туралы материалдар жинақтау, моделдер мен зерттеу әдістерін сипаттау мүмкіндігін беру;  инновациялық және стратегиялық менеджмент негіздері бойынша, командада жұмыс істей білу және басқару шешімдерін қабылдау бойынша семинарлар, экспресс-курстар, тренингтер жұмысына қатысу;
  • Тәжірибеден өту нәтижелерін оқытудың барлық түрлерінде – курстық және дипломдық жобалауда, СОЗЖ және СҒЗЖ пайдалану.