Тарихи анықтама

Жол-құрылыс институтында ақпараттық технологиялар бойынша мамандарды дайындау идеясының негізін қалаушы «Қолданбалы математика және еептеу техникасы» кафедрасының меңгерушісі Корнев В.А. мен ОӘЖ проректоры Тритенко А.Н. болып табылады, олар 90- жылдардың басында Өскемен ЖҚИ-да 0715 – «Экономикалық информатика және БЖА» мамандығын ашты. 1991 жылы екі топ студенттер қабылданып, кафедра «инженер-экономист» біліктілігімен мамандар дайындауға кірісті. Сол уақытта кафедрада ғылым кандидаттары – Корнев В.А., Чернявский В.С., Никифоров В.Л., Брагина Р.Г., Кузьминых А.И., Гейнеман А., Лисьев В.П., Балова Т.Г.

1993 жылы ректор Баталов Юрий Васильевичтің бұйрығымен 0715 мамандығы бойынша студенттерді даярлау тапсырылған «Экономикалық информатика және БЖА» шығарушы кафедрасы құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Парамзин Александр Петрович тағайындалды. Кафедраның құрамына Чернявский В.С., Никифоров В.Л., Балова Т.Г., Кривоногова Л.М., Заболотская Т.А. кірген болатын.

1995 жылы қайта ұйымдастырудан кейін кафедра «Ақпараттық жүйелер және есептеуіш техника» деген жаңа атауға ие болды, оны өндірісші Ладысев Виталий Степанович басқарды. ҚР БҒМ бірінші мамандықтар классификаторына сәйкес кафедра 0501 – Бизнестегі ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша инженер-экономист-жүйе техниктерін, ал 1997 жылы 3703 – АЖЖ мамандығы бойынша инженер-жүйе техниктерін дайындауға кірісті. 1998 жылы кафедрада 541530 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша магистратура ашылды.

4

2001 жылы кафедра инженер-жүйе техниктерін үш мамандық: 091340 – Ақпараттық жүйелер, 370420 – АЖЖ және 370440 – Есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және аппараттық жасау, 541530 – Ақпараттық жүйелер бағыты бойынша дайындауды қамтамасыз етті. Кафедра көп жылдар бойы экономика және менеджмент факультетінің жетекші шығарушы кафедрасы болып табылды.

Қазіргі уақытта кафедра ақпараттық технологиялар және энергетика факультетінің құрамына енеді. 2004 жылдан бастап 050703 – Ақпараттық жүйелер және 050704 – Есептеуіш техника және бағдарламалық жасау мамандықтары бойынша бакалаврларды, сондай-ақ 6N0703 – Ақпараттық жүйелер және 6N0704 - Есептеуіш техника және бағдарламалық жасау бағыттары бойынша магистрлерді дайындауды жүзеге асырады. Кафедрада профессорлар Чернявский В.С., Парамзин А.П., Никифоров В.Л.; доцент Кривоногова Л.М.; аға оқытушылар-ғылым кандидаттары Байгазова Н.А. мен Ипалакова М.Т., аға оқытушылар Загайнов И.А., Блинаева Н.С., Латкина Л.П., Рахметуллина С.Ж., Рохас-Криулько Н.П., ақпараттық жүйелер магистрлері Уркумбаева А.М., Котлярова И.А., Жомартқызы Г., магистрлер Татьянко Ю.А., Вайс Ю.А. еңбек етіп жүр.