Әдістемелік жұмыс
![[Image]](http://www.do.ektu.kz/com/inc_photo.asp?EmployeeID=560)
Жауапты – ШҚМТУ доценті - Семёнова Светлана Даниловна
Кафедраныңәдістемелікжұмысытехникалықсаладамамандарды даярлауға арналған негізгі мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жүргізіледі. Студенттердің техникалық оқу орнында шетел тілін меңгеруі коммуникативті құзырлылығының анық деңгейіне жеткенін білдіреді. Бұл уақытында жаңа технологиялармен танысу, ғылым мен техникадағы жаңалықтарды біліп отыру, шетелдегі әріптестермен байланыста болу сияқты кәсіби қызметіндегі аспктілерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Техникалық оқу орнында тілдерді үйрену білім берудің гуманитарлау мәселелерін шешетін бірден-бір құрал, өйткені жалпы этномәдениеттік, әлеуметті-этникалық және лингвоелтану аспектілерінен тұрады. Техникалық оқу орнында шетел тілдері шындығында кәсіби және гуманитарлық аспектілердің бірігуі болып саналады.
Осыған орай әдістемелік жұмыстардың негізгі бағыттары:
- Барлық мамандықтар мен бағыттар бойынша кәсіби жоғары білімге арналған мемлекеттік жалпыбілімдік стандарт пен типтік оқу бағдарламаларына сәйкес студенттерге, магистранттарға, докторанттарға арналған оқу бағдарламаларын құрастыру.
- Оқу орнының барлық мамандықтары бойынша ағылшын және неміс тілінен практикалық сабақтарды жүргізу үшін кафедраның әдістемелікпен қамтамасыз етілуін оқулықтар мен оқу құралдарын жаңарту және әдістемелік нұсқауларды құрастыру арқылы жетілдіру.
- Халықаралық, республикалық, өңірлік, облыстық конференцияларға қатысу, жоғары оқу орнында шетел тілін оқыту мәселелері бойынша кафедрада әдістемелік семинарлар өткізу.
- Әдістеме ғылымының және оқытудың жаңа тәсілдерін, мультимедиялық технологияларды пайдалану арқылыстуденттердің дәрістік және өздік жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру
Кафедрада мемлекеттік тілде және орыс тілінде оқитын топтарға, 1,2курстарға, магистранттар мен докторанттарға «Шетел тілі» пәнінен жұмыс бағдарламалары құрастырылған.
Кафедра оқытушылары Халықаралық, республикалық, өңірлік, облыстық конференцияларға қатысады, сонымен қатар ШҚМТУдың оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелікконференцияларында білім беру стандарттарын жетілдіру, студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру, оқытудың интербелсенді әдістері, бақылау тестілерінің мәселесі, оқу үрдісін компьютерлеу, техникалық құралдарды пайдалану мәселелеріне арналған баяндамалар жасайды.
Оқу материалдары әдістемелікпен қамтамасыз етілген, олар практикалық сабақтарда пайдаланылатын оқу құралдары, грамматикалық анықтағыш, әртүрлі сөздіктер. 2004-2005 оқу жылынан үлкен топтарға арналған ағылшын,неміс, француз тілдерінің грамматикасынан интерактивті дәрістер оқу енгізілген, соңынан интерактивті семинар жүргізіледі. Шетел тілінің практикалық сабақтары модульді рейтингілі жүйе негізінде құрастырылған.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде оқыту топтарында кафедрада шетел тілінен практикалық сабақтарды жүргізу үшін келесі әдістемелік құралдар құрастырылған: Әдістемелік құралдардың тізімі (.pdf, 498KB) және Әдістемелік құралдардың тізімі 2011-2012 жыл (.pdf, 192KB)
Әдістемелік семинар жұмысының жоспары