Кафедрада оқытылатын тілдер

Бөлімге жауапты - Ерохина Л.Н.

Заманауи әлем қарқынды даму үстінде. Ақпараттық технологиялардың, әртүрлі салалардағы (ғылым, білім, экономика, туризм және т.б.) компьютерлік желілер арқылы жүзеге асырылатын жеке және жанама байланыстардың арқасында біз шындығында да   Жер атты ғаламшардың тұрғындарына айналдық(Global Village). Әлемдік дамудың аталмыш кезеңінде мәдениетаралық байланыстарға деген қызығушылықты ақпаратпен алмасу тәсілі ретінде байқауға болады. Әрбір ел, өзара қарым-қатынас орнатқан кезде, мәдениет пен тілдің, әлемдік көзқарастың әртүрлі болуына байланысты, әдеттегі ассоциативтік байланыстардың бұзушылығына байланысты көптеген проблемаларға кезігеді. Алайда қиыншылықтар тек бірнеше мемлекеттік тілдері бар мемлекеттерде ғана болмайды, сонымен қатар, бір тілдің аясында да кездесда кездеседі. Осы “Palette of Five Countries and Styles” атты кітапта біздің түсінігіміздегі елтану туралы ғана емес, сонымен бірге ағылшын тілі және оның нұсқаулары туралы да сөз қозғалады.

Ағылшын тілі 2004 жылға дейін АҚШ-тың мемлекеттік тілі болып саналмаған,  алайда ағылшын тілін білмегендерге жоғары білім алып, жоғары табысты жұмысқа тұруларына еш мүмкіндік болмаған. АҚШ-тағы маңыздылығы жағынан және пайдаланылу жағынан  екінші орын алатын – испан тілі. 2050 жылға қарай ол ағылшын тілін ысырады деген болжам бар. Дәл сол ағылшын тілі Канада елініндегі мемлекеттік тілдердің (екіншісі – француз) бірі болып, сол сияқты, Жаңа Зеландия еліндегі екі мемлекеттік тілдің (екіншісі – маори) бірі болып табылса, тек Ұлыбритания мен Австралия елдерінде ғана жалғыз мемлекеттік болып танылған. \\

Мемлекеттердің саяси қатарын айтқан кезде, мынаны атап өткен жөн: Канада (www.cic.gc.ca, а также www.canada.gc.ca) – конституциялық монархия және Ұлыбританияның доминионы болып табылса, Жаңа Зеландия (http://www.immigration.govt.nz) – конституциялық монархия, ал Ұлыбританияның патшайымы Елизавета II сонымен қатар Жаңа Зеландияның да патшайымы болып табылады. Осындай меруерт қалалары бар тылсымды мемлекетте омбудсмэн (ombudsman) сияқты саяси ақиқат бар. Бұл – үкіметтегі департаменттердің құқықтық әрекеттеріне қатысты Жаңа Зеландия азаматтарының арыздарын қарастыру үшін Парламентпен сайланатын ресми тұлға болып табылады. Омбудсмэн лауазымы тіпті Қазақстан Республикасында да бар. Жаңа Зеландия – конституциялық монархия болып саналатын, Австралияның кілті болып табылғанмен, алайда бүгінгі таңға дейін парламенттік демократияға жақын болған ол Ұлыбританияның доминионы болып келеді.

Тарихтың қалыптасуымен, Ұлыбритания және АҚШ-тың тілдік феномендері анағұрлым тереңірек зерттелген тілдер болып табылады. Ағылшын тілі «классикалық» ағылшын тілді Канада, Жаңа Зеландия және Австралия елді-мекендерінде ең аз мөлшерде тараған. Осы елді-мекендердегі тілдің табиғилығы, тілдік құрылымдардағы түрлі деңгейдегі оның маңызды белгілері, ерекшеліктері заманауи тіл біліміндегі аз зерттелгендердің қатарына жатады. Британдық нұсқадағы ағылшын тіліне деген немқұрайлық қарым-қатынастың белгілерін жиі байқауға болады.  Канадалық, австралиялық және басқа да тілдік жүйелерде пайдаланылатын «regional dialect» термині жеке және қатар кездеседі.  Австралия және Жаңа Зеландияда ұлттық бояуға ие лексиканың максималды концентрациясы байқалады.

Ұлттық мәдениетке деген артқан қызығушылық пен өзектілікті сөз етке кезде, яғни «beyond the language» термині туралы айтқанда, осы оқулықтың авторы өз лекцияларында осы тілдік бірліктерді қабылдауға байланысты Канада, Австралия және Жаңа Зеландияның реалийларын аудару бойынша прктикалық материалдарға сараптама жүргізеді. Аудару барысында білімнің алатын орны ерекше, өйткені білім жеткіліксіз болған жағдайда, аударма да нақты әрі дәлме-дәл болмайды. Әрине, өзге мәдениет пен өзге тілдің өкілдеріне бағытталған анықтамалық әдебиет аударма болып табылуы тиіс, баламасыз лексиканың мәселесін шешуге, аударма барысында американдық, канадалық, жаңазеландиялық және австралиялық лексикалық бірліктерді түсіну мен табыстаудың вариативтілігін анықтауға бағытталуы керек. \

Лексикалық және фразеологиялық американизм, сонымен қатар, АҚШ-тың қоғамдық-саяси өмірінің ерекшеліктерін белгілейтін, оның экономикасын, мәдени-тарихи дәстүрлерін, тұрмысын, американдықтардың танымдары мен әдет-ғұрыптарын белгілейтін АҚШ-ты тілдік елтанудың негізгі объектісі болып табылады. Заттар мен құбылыстарды белгілейтін, АҚШ-тың материалдық және рухани мәдениетіне тән, сонымен қатар, американдықтардың тілдік танымдарындағы қабылдау мен түйсіктеріндегі дәл осы лексикалық және фразеологиялық бірліктер ағылшын тілінің американдық нұсқасының британдық, австралиялық, және тағы басқа нұсқасынан негізгі ерекшеліктерін құрайды (usembassy@freenet.kz и http://www.usembassy-kazakhstan.freenet.kz).

Аталған «Елтану» курсы ағылшын тілінде 2001-2002, 2002-2003, 2003-2004 оқу жылдары  Абылай хан атындағы ҚазУМО және МЯ, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде және Д. Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университете студенттер мен магистранттарға оқылды  және мынадай пайдаға асырылды: студенттік тезаурустың елтанымдық релеванттік лексикамен, фразеологиямен, терминологиямен байытылуы, мәениетаралық құрамдастыққа ие болуы. Курс мәдениетаралық, когнитивтік, тілдік құзырлықтық түзілуге бағытталған және 36 сағаттық лекциядан, 20 сағаттық семинарлық сабақтардан құралып, емтиханмен аяқталады. Үшінші курстың екінші семестрінде оқылатын осы сабақтың аясын кеңейту, үшінші семестрдегі «An Outline of American History» және жетінші семестрдегі «Higher Education at US Universities» авторлық арнайы курстар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Лекциялар мен семинарларды жүргізу барысында  ACTR/ACCELS, IREX американдық білім беру орталықтары және Корпус Мира волонтерлерінің ресурстық орталықтарымен ұсынылған, аудио- және видео-материалдарды қолдану сияқты интерактивті әдістерді пайдалануды ұсынамыз.

Елтануға деген қызығушылық танытқан барлық оқырмандарды серіктес болуға шақырамыз.

Оқытылатын тілдердің елді-мекендері туралы ақпарат (.pdf, 4.83MB)