АЖХҚ ҒП орталығындағы аударма қызмет көрсететін уақытша жұмыс ұжымы

УЖҰ басқарушысы: Жамалиева Алия Абайхановна

Қоғамның басқа салаларына қарағанда, ғылымда халықаралық қатынасуда және өз-ара әрекеттесуде қажеттілігі айқын сезіледі. Қазіргі кездегі постиндустриалды кезеңіне түскен әлемде ғылым қарқынды даму үстінде, әр түрлі елдердегі ғалымдар арасында қарым қатынас ұлғая түсіп, ғылыми әдебиет аудармалары жасалуда.   Бүгінгі ғылыми жұмыстар бір ел ішінде, бір ғана географиялық  аймақтағы ғалымдармен жүргізілуі екі талай. Осыған орай ғылыми мақалалар және мақалалар мен диссертацияларға арналған аннотацияларды шетел тіліне аударудың болашағы зор, өйткені бұл аудармалар мәселелерді талқылауға көбірек ғалымдардың  қатыстыруына зор үлес қосады.   

2007 жылы қыркүйектің бірінде күшіне енген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖМББС), философия докторларын (Ph.D.) дайындау талаптарын анықтайды: жасалған ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелері шетелдік танымал ғылыми журналдарда жарыққа шығулары, халықаралық ғылыми конференцияларда баяндалулары тиіс. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігіне ұсынылған магистрлік диссертацияларға деген талаптарға сәйкес, магистрлік диссертацияның мазмұны бойынша магистрант қосымша қазақ, орыс және ағылшын (қажет жағдайда рефератты басқа шетел тілінде жазуға рұқсат етіледі) тілдерінде рефераттар жазады (ақпарат ҚР білім және ғылым министрлігінің ресми сайтынан алынған - http://www.edu.gov.kz). Осындай талаптар докторлық диссертацияға деген Талаптар жобасына сәйкес, докторанттар жұмыстарына да қойылады.

Сонымен, аударматанудың жаңа теориялық және практикалық жетістіктеріне негізделген ғылыми және техникалық мәтіндерді сапалы аудару қызметтерінің қажеттілігі айқын. 

Д. Серікбаев атындағы шқмту ажхқ ғп орталығындағы аударма қызмет көрсететін уақытша жұмыс ұжымымен мәтіндерді екі жаққа аудару қызметі көрсетіліп жатыр: ғылыми мақалалардың түйіндемелері, кандидаттық диссертациялардың авторефераттары және т.б. Уақытша жұмыс ұжымының ішіне кіретін шет тілдері кафедрасының оқытушылары аударма тәжерибесінде және теориясында өз білімдерін үздіксіз тереңдетуде. Аударма тілдері: ағылшын, неміс, француз, қытай.

Орталықтың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс-Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Д. Серікбаев көшесі, 19, каб. Г-2-311, т. 8 (3232) 540-951.

e-mail: EGorban@ektu.kz