Халықаралық ынтымақтастық

2011 жылдың тамызынан бастап кафедрада Роберта Бош аттындағы қорыныңлекторы, оқытушы, политология және славистикамагистрі Катерина Форстер жұмыс істейді. Катерина Форстер 1 және 2 курстың студенттермен тәжірибелік сабақтар жүргізеді, сонымен қоса магистранттар, докторанттар және оқытушылармен жұмыс жасайды, студенттер және оқытушыларды әр түрлі германиялық білім беру бағдарламалары бойынша соның ішінде студент және жас ғалымдар айырбас бағдарламалары , бойынша ақыл кенес береді, сонымен қатар шет тілі кафедрасы мен неміс тілі оқытушыларымен домалақ үстелдер ұйымдастырады.
Шетел тілдері кафедрасы ғаламдану және университеттің халықаралық білім кеңістігімен бірігуі жағдайында кең көлемді жұмыс жүргізуде. 2008ж. 7-8 сәуір аралығында өткен «Университет – Технопарк» инновациялық моделі: ғаламдану және халықаралық білім кеңістігімен бірігу жағдайында шетел тілдерін оқыту стратегиясын дамыту» атты халықаралық конференциясы Қазақстан Республикасының тіл саясаты аясындағы міндеттерін жүзеге асыруда кафедра оқытушыларының мәнді әлуетін бейнеледі.
Келесі кафедраның оқытушылары факультеттер декандарының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасарлары болып табылады:
Голубых И.В.– МЖжКФ
Колесникова Т.А.– АТЭФ
Жексембаева Д.А– СҚФ
Рахметкалиева М.Т. – ТкМФ
Попкова Е.В. - ЭжМФ
Кафедра халықаралық конференциялар мен алмасу бағдарламаларына қатысатын университеттің ПО құрамына лингвистикалық мәселелер жағынан колдау көрсетеді, ғылым мен экономиканың түрлі салаларына қатысты шетелдік кәсіби бағдарламалар іздестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ студенттерге арналған халықаралық білім бағдарламаларымен таныстыруды өткізеді.
Кафедраға тілдерді оқыту әдістемесі аясындағы жетекші мамандар, белгілі оқулықтардың авторлары жиі келіп тұрады: Ева Порциус (ГФР), Филипп Керр, Ричард Уайтсайд (Ұлыбритания), Стефании Уилбур, Линор Хинсон (АҚШ) және т.б.
Жас оқытушылар СС USA (М.О.Леонова, Д.А.Жексембаева), DAAD (А.А.Сәрсембаева) бағдарламаларына қатысады.
Халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыс жоспары