Қашықтықтан білім алу

Айдарға жауапты – ШҚМТУ доценті - Семёнова Светлана Даниловна

Қашықтықтан оқыту оқу орындарының қабырғасынан тыс студентерге, ересектерге дәстүрлі емес оқытудың әр түрлі формаларын біріктіретін түсінікті меңзейді.

Қашықтықтан білім алатын студенттер оқу материалдарын түрлі техникалық құралдар – электрондық пошта, теледидар, аудио және видео жазбаларды интернет арқылы қабылдап алады, видеоконференцияларға қатысады.

Қашықтықтан оқыту (distance learning) XXI ғасыр талаптарына тиімді жауап береді. Ғылыми ойлардың ең соңғы тұжырымдамалары және жетістіктерімен таныс болу профессионалдардың түрлі категорияларына өмірлік қажетті мәселе болып табылады

Мысалы, АҚШтың көптеген штаттарында мұғалімдер, бухгалтерлер мен балабақша қызметкерлерін және басқа да мамандық иелерін өз білімдерін кәсіби үздіксіз жетілдіріп отыруларын талап етеді. Бұны толық өлшемде қазақстандық білім беру саласына да жатқызуға болады. Білім алуды көп жыл бұрын диплом алумен шектемей, үздіксіз үрдіс ретінде қарастырған дұрыс. Бұл қажеттілікті қашықтықтан оқудың көмегімен өтеуге болады. (ҚО).

Шетел статистикасы бойынша ҚО студенттерінің басым көпшілігі қызмет істеп жүрген, , өз кәсіби тәжірибелерін жұмыстан қол үзбей тереңдеткісі келетін 25 жастан асқан адамдар. Кәсіпкерлер және басқа да жұмысбасты адамдар, ҚО – күнделікті өмір мен оқуды үйлесімділікте қатар алып жүріп  білім алудың ең тиімді жолы деп табады . Денсаулықтарына байланысты күндізгі оқу бөлімінде білім алуға жағдайлары жоқ адамдар да, ҚО өздерін қызықтыратын білім алуға мүмкіндік беретін ең оңтайлы жол екенін айтады.

Д. Серікбаев ат. ШҚМТУда жасалған қашықтықтан оқыту жүйесі екі негізгі – синхронды бірлесе оқу және өзбетімен білім алу режимдері қамтамасыз етілетін білім беру ортасын қалыптастырады.

Асинхронды бірлесе оқу. Білім беру үрдісіне кез келген уақытта, кез келген жерден ауқымды таратылған негізде кіруге мүмкіндік алады. Білім беру саласында жаңа технологияларды пайдалану және Интернеттің дамып келе жатқан мүмкіндіктері оқу үрдісінің сапалы болуын қамтамасыз етеді.

Өзбетімен білім алу. Бұл режимде оқу материалдарын Интернет арқылы кең пайдалану, өзбетінше тестілену мүмкіндігі, әлемдік ақпараттық ресурстарға кіруге мүмкіндік беріледі. Интеграция, асинхронды және синхронды түрде өзбетінше білім алу  оқытушыны өз әрекетін сан рет қайталаудан босатып, ұжымның қажеттілігіне қарай курсқа қызмет көрсетуге жағдай жасап, сонымен қатар әр студентке оның өзбетінше білім алуы пайдалы болуына  мүмкіндік береді.  

Әдістемелік материалдар:

Мультимедийялық бағдарламалар

Әдістемелік материалдар: