Аударма және мәдениетаралық коммуникация орталығы


Горбань Елена Евгеньевна
Орталық директоры,ф.ғ.к., шет тілдері кафедрасының доценті
Аударма және мәдениаралық қатынас ғылыми-практикалық орталығы 2006 жылы 2 ақпанда шет тілдері кафедрасының негізінде ҚР жоғары оқу орындарындағы ғылыми орталықтар туралы Ережеге сәйкес университтеттің ғылыми-практикалық құрылымы ретінде құрылған.Орталық өз қызметінде ҚР Конституциясын, «Білім туралы» ҚР Заңын, «ҚР тілдері туралы Заңын», «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасын, университеттің дамуы кешенді бағдарламасын және Орталық туралы Ережені басшылыққа алады.
Орталықтың негізгі жұмысы ағылшын, неміс, қытай тілдерін оқыту. Тіл үйрету әр түрлі деңгейде дайындығы бар (бастаушы,орта, жалғастырушы) студенттер мен профессор- оқытушылар құрамына жүргізіледі. Орталықта ШҚМТУ магистратурасына түсетіндер үшін жеке дайындық топтары құрылған.
Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы «Headway» немесе «English File» (Oxford University Press) аудио бағдарламаларының біреуін таңдап алу мүмкіндігі бар. Бұл бағдарламалар тыңдаушыларды қажетті лексиканы пайдалана отырып қызықты тақырыптарға сөйлесуге, дұрыс сөйлеу машығын қалыптастыруға үйретеді. Курстың соңында сертификат беріледі. 2011-2012 оқу жылы тілдерді үйрету курстары кафедраның келесі оқытушыларына жүктелді:
- Бетимбаева Индира Бахтияровна – шет тілі кафедрасының оқытушысы
- Горбань Елена Евгеньевна – шет тілі кафедрасының доценті
- Рулёва Яна Сергеевна - шет тілі кафедрасының оқытушысы
- Голубых Ирина Васильевна – шет тілі кафедрасының аға оқытушысы