Кедендік іс
мамандық 5B030400
Түлекке 5B030400 «Кедендік іс» мамандығы бойынша кедендік іс бакалавры деген академиялық дәреже беріледі
Кедендік іс бакалаврлары мемлекеттік Кедендік бақылау ұйымдарында, Салық комитетінде, Қаржы полициясында, экономикалық қылмыскерлермен күресу бөлімдерінде қызмет атқаралады; жекеменшік түріне тәуелсіз сыртқы экономика қызметтерінің декларанты. Делдалдық компанияларда, экспорт-импорт операцияларын реттеу объектілерінде, сыртқы экономикалық бөлімдерде қызмет атқара алады.
Осы мамандықтың түлегі келесі жұмыс түрлерін орындауға дайын:
- тауарларды тасымалдауда қоғамның құқылы мүшелеріне және заңды тұлғаларға кедендік режімді таңдауда құқықтық көмек көрсету;
- кедендік рәсімдеу бойынша операцияларды алдын ала іске асыру;
- СЭҚ саласында мемлекет саясатын іске асыру;
- халықаралық саудада қаржы ағымдарын құқықтық реттеу;
- елдің экономикалық қауіпсіздігін жүзеге асыру;
- әлемдік қоғамдастықта ҚР мүддесін көрсету;
- бұқпа саудалы есірткі және психотропиялық заттарға, сонымен қатар тыйым салынған тауарларға қарсы күресті ұйымдастыру;
- мемлекеттің мәдени және тарихи құндылықтарын қорғау;
- кедендік бақылау аймағында керекті кедендік режіммен қамтамасыз ету.
Университетте алған білімнің нәтижесінде – кедендік іс бакалавры экспорт-импорт ағымына, оның ішкі нарық конъюктурасына әсерін тигізуіне, өзара пайдалы сауда серіктестерін табуға талдау жүргізе алады. Трансұлттық корпорацияларды, бос ұлттық аумақтарды, ҚР дара өндірістерді импортты орын басуды құрудағы басты бағыттарға талдау жасау. Сыртқы экономикалық іс әрекеттің қаржыларын тиімді пайдалануды анықтайтын – кедендік саясат.