Маркетинг
мамандық 5B051100
Бакалавриат 5B051100 – Маркетинг, академиялық дәрежесі– маркетинг бакалавры, оқу мерзімі – 4 жыл.
Магистратура 6M050900 – Маркетинг, академиялықдәрежесі – маркетингмагистрі, оқу мерзімі - 2 жыл.
Маркетологтың негізгі қызметтері– жарнамадан бастап, тапсырыскермен қарым-қатынасқа дейін, саудадан стратегиялық жоспарлауға дейін, тауардың дизайніненжәне оның сыртқықапталған сервисіне дейін.
Кадрлық мүмкіндіктерге байланысты маркетинг бакалаврлары – маркетинг бойынша менеджер; жарнама бойынша менеджер; өткізім бойынша менеджер; қоғамдық байланыс бойынша менеджер; сауда бойынша менеджер; бренд-менеджері; логистика бойынша менеджер; менеджерсарапшы; сапа бойынша менеджер; жұмыс өтілімі қажетті емес тауартанушы-менеджер.
Аталған профильдегі бакалаврлар нарықтық коньюнктрде тауарлар мен қызмет көрсету бойынша зерттеулер жүргізе алады, нарықтың сегментациясын жүзеге асыра алады, тауарлар мен тұтынушыларды анализдейді, түрлерін біледі, бәсекелестіктің түрлері мен әдістерін, баға және өткізім саясатын жүргізе алады, бөлу тиімді пайдаланады, саяси компанияларды ұйымдастырады және өткізеді, кәсіпорынның дұрыс стратегиясын мен тактикасын таңдайды.
Бітіруші маркетологтар мынандайбағыттағы қызмет салаларында еңбек ете алады: ұйымдастырушылық, басқару, маркетингтік, аналитикалық, кәсіпкерлік және т.б.
Жұмыс орны: мемлекеттік және муниципалдық басқару құрылымдары, банк және қаржылық құрылымдар, әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындар, кіші және орта бизнес салалары, агросекторлар, туризм және т.б.