Менеджмент
мамандық 5B050700
Бакалавриат 5B050700 – Менеджмент, академиялық дәрежесі – менеджментбакалавры, оқу мерзімі – 4 жыл.
Магистратура 6M050700 – Менеджмент, академиялық дәрежесі –менеджментмагистрі, оқу мерзімі – 2 жыл.
Менеджментдегеніміз не?
Ол ғылым мен өнер:
- Ғылым, себебі өзінің түсінігі бар. (заңдар, принциптер, мақсаттар, басқару функцилары мен әдістері, мотивация);
- Өнер, себебі өндірістік қызметте адаммен байланысты (персоналдарды басқару, кадрлік жоспарлау, жанжалды және күйзелісті басқару, нарықта өз орнын таба білу).
Аталған мамандық бойынша бітірушілердің кәсіби қызметтері (менеджмент бакалавры) экономиканың нағыз секторы болып табылады, қаржы-банктік жүйе, кәсіпкерлік және бизнес, мемлекеттік қызмет.
Менеджмент бакалаврлары қазақстандық заң шығару негіздері бойынша салық салу және бухгалтерлік есеп, халықаралық сапа стандартының және халықаралық жобаны басқару стандарты бойынша білікті, бизнес-жоспар құрады және инвестицилық жобаларды есепке ала алады.
Орта буын жүйесінде басқарушы ретінде білікті жұмыс істеу үшін және кейін әртүрлі басқару қызметінде жұмыс істеу үшін менеджмент бакалаврлары барлық қажетті біліммен және тәжірибелік дағдыға ие.