Халықаралық ынтымақтастық

Кафедра үш жыл бойы халықаралық ынтымақтастықтиы жүзеге асыруда:

  • кандидаттық диссертацияларды қорғау, ұжымдық монографияларға қатысу үшін оқытушылар кадрларын дайындау және қайта дайындау саласында, ЖОО-ның оқытушылары мен студенттерінің ғылыми қызметін ұйымдастыру және кафедраның жас аспиранттарын бекіту бойынша тәжірибе алмасу аясында – Санкт-Петербор мемлекеттік политехникалық университеті, Солтүстік Батыс мемлекеттік қызмет академиясы (Санкт-Петербор қ., Ресей) (Г.В.Грызунова, Е.А.Колос, Л.В.Левина, Ә.Е.Қасенова, О.Қ.Денисова);
  • ғылыми еңбектер жинақтарын жариялау, халықаралық конференцияларға қатысу аясында – Санкт-Петербор мемлекеттік инженерлік-экономикалық университеті (Санкт-Петербор қ., Ресей) (Е.А.Колос);
  • USAID, САRАNА Қорлары өткізген семинарлар мен гранттарға кафедра оқытушыларының қатысуы аясында.

2008ж. ағымында Алтай мемлекеттік университетіне ғылыми іссапары жасалды – докторлық диссертацияны сараптау, оның алдын ала қорғауын өткізу, өз монографиясын жариялау мақсатымен (Барнауыл қ., Ресей) (Г.В.Грызунова).

Жақын арада халықаралық ынтымақтастық туралы шарттар жасасу жоспарлануда: Солтүстік Батыс мемлекеттік қызмет академиясымен (Санкт-Петербор қ., Ресей).

2008 жылы USAID, САRАNА Қорларының тапсырысы бойынша грант алу үшін келесі тақырыпқа құжаттар ресімделді: Мониторинг және экономикалық және әлеуметтік миграция үдерістерін талдау (ҚР мысалында) (Г.В.Грызунова, Ә.Е.Қасенова, А.В.Донских, ғылыми жетекшісі Е.А.Колос).

2008 жылы кафедраның оқытушылары Г.И.Жәкенова, Ә.Е.Қасенова Қазақстан Республикасындағы Жастар саясатын және «Идеядан бастап, оны іске асыруға дейін бір қадам» атты Мемлекеттік сақтандыру бағдарламасын дамытуды іске асыру мақсатында Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының «Еуразия» сақтандыру компаниясымен бірлесіп, Қазақстанның жоғары оқу орындары Қауымдастығының қарауында өткен II-ші ашық Республикалық ғылыми-практикалық сақтандыру аясындағы ең үздік жұмыс конкурсына қатысты.

2008 жылы кафедраның халықаралық байланыстары төмендегі бағыттар бойынша дамытылды:

  • ҚР БҒМ 2007ж. «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» грантын орындау бағдарламасына сәйкес – А.С.Төлежанова, э.ғ.к., «ИМ» кафедрасының профессоры, Вроцлав университетінде ғылыми сынақ мерзімінен өтті (Вроцлав қ., Польша, 2008ж. мамыр айы). Сынақ мерзімінен өту барысында экономика және менеджмент бойынша бакалаврлар мен магистрлерге дәрістер оқылды. Сонымен қатар, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің халықаралық қатысуымен аталған жоғары оқу орынның ПО құрамын магистратурада жүмыс істеуге тарту бойынша факультеттің жетекші профессорларымен жұмыс жүргізілді.
  • А.С.Төлежанова, э.ғ.к., «ИМ» кафедрасының профессоры, Экономика университетінде (Вроцлав қ., Польша, 2008ж. мамыр айы) Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің халықаралық қатысуымен аталған жоғары оқу орынның ПО құрамын магистратурада жүмыс істеуге тарту мақсатымен болды. Аталған саладағы ынтымақтастық туралы шарттың мәтінін алдын-ала талқылау болды.
  • А.С.Төлежанова, э.ғ.к., «ИМ» кафедрасының профессоры, 7-ші Ғалами білім Коллоквиумнің жұмысына белсене қатысты (Кейптаун қ., ОАР, 2008ж. қазан айы).
  • А.С.Төлежанова, э.ғ.к., «ИМ» кафедрасының профессоры, «Халықаралық инженерлік білім» бағдарламасы бойынша (IGIP) оқыды, оған инженерлік жоғары оқу орынның Халықаралық оқытушысы атағы беріліп, диплом тапсырылды.
  • А.С.Төлежанова, э.ғ.к., «ИМ» кафедрасының профессоры, білім беру қызметі аясында тәжірибе алмасу мақсатымен Чехия университеттеріне (Прага қ. Чехия, 2008ж. сәуір айы), Қытай университеттеріне барды (Қытай, 2008ж. маусым айы).
  • «ИМ» кафедрасының оқытушылары халықаралық ҒПК-ға қатысты (Өскемен қ., Астана қ. (Қазақстан), Санкт-Петербор қ., Барнауыл қ., Новосібір қ. (Ресей), Днепропетровск қ. (Украина) және т.б.

Халықаралық байланыстарды кеңейту және МВА жүйесі бойынша халықаралық қатысумен магистратура ашу шегінде іс-әрекеттер жоспары құрылды, соған орай халықаралық серіктестерді іздестіру мақсатымен 2008 жылы шетелдік жоғары оқу орындарымен хат жазысу жүргізілді, жоғары оқу орындарына ынтымақтастық құру туралы ұсыныспен 32 хат жіберілді. Были получены ответы от профессор Георг Шнайдерден (Техника, экономика және дизайн университеті, Трир қ., Германия) және Маркус Лукстан (Роберт Бот атындағы Қор) жауаптар алынды. Жауаптар мазмұнында олар ынтымақтастық құруға келіседі, бірақ бұл мәселелер жоғары басшының деңгейінде шешіледі делінген.

2008 жылғы сәуір айында доктор Дуглас Нисбетпен, Роберт Гордон университетінің өкілімен кездесу болып өтті. Кездесу қорытындылары бойынша төмендегідей шешім шығарылды: дайындық жұмысы ұзақ уақытты талап етеді (2 жыл), аталған жобаны қаржыландыру туралы мәселені университеттің жоғары басшылығы деңгейінде шешу қажет.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ және Корея Республикасының Хосео Университеті арасындағы ынтымақтастық туралы, екі жақты магистрлік бағдарлама туралы шарт жобасы дайындалды.

Кафедра Қырғызстанмен бірлескен бағдарламаға қатысты: менеджерлер дайындау бойынша бірлескен оқу жоспары әзірленді, аталған бірлескен бағдарлама бойынша оқитын студенттерді қашықтықтан оқуын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді.