Тарихи анықтама
СОКП тарихы және саясат экономикасы кафедрасы құрылыс-жол институты құрылған сәттен бастап жұмыс істейді. Сол уақыттан бері оқу үдерісіне екі пән енгізілген болатын – СОКП тарихы және саяси экономика. 1963 жылы екі кафедра құрылды: СОКП тарихы және ғылыми коммунизм кафедрасы, оның меңгерушісі т.ғ.к., доцент Савостенко Виктор Михайлович және Самойлов Яков Илларионович, философия және саяси экономика кафедрасының меңгерушісі болды.
Философия және саяси экономика кафедрасын нығайту үшін 1964ж. Коми АКСР-нан экономика ғ.к., доцент Горбунов Иван Степанович келді.
Доцент В.М.Савостенко СОКП тарихы кафедрасын басқарған кезде СОКП тарихының оқу-әдістемелік кабинеті, және де сол уақытта саяси экономика кабинеті құрылды. Оның белсенді қатысуымен кафедрадан әр кезде КСРО жоғары оқу орындарының мақсатты аспирантурасына жіберіліп, кандидаттық диссертация қорғайтын ізденушілер болды: Т.Ф.Кобылкин, А.Н.Угай, Ю.Н.Маркашов, В.Н.Пехота, И.Ф.Казанцев, Н.М.Чистяков, Г.В.Одинцов.
КСРО-ның қирауына және Қазақстан Республикасының құрылуына, білім беруді оңтайландыру жүйесін жүргізілуіне байланысты «Тарих және саяси экономика» кафедралары біртұтас «Экономикалық теория және Қазақстан тарихы» кафедрасы болып құрылды, кафедра меңгерушісі болып доцент Линок Николай Николаевич тағайындалды. Оның басқаруымен кафедраның ПО құрамы біліктілікті жетілдіріп, жұмыс істеуді жалғастырды продолжил. Сөйтіп, 1999ж. – З.С.Батпенова, ал 2000ж. Г.И.Панковская кандидаттық диссертацияларды қорғады.
2001ж. Гуманитарлық білім беру орталығының құрылуымен Н.Н.Линок оның директоры болды, ал кафедра меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Мамырханова Әймен Молдағалиқызы тағайындалды. Кафедрадағы одан кейінгі жұмыс оқу үдерісін жетілдірудің жаңа нысандарын іздестіруге әкелді – Қазақстан тарихы және экономикалық теория бойынша электронды тасымалдаушыда әдістемелік материалдар, дәрістер курстарын құру болды. В соответствии с приказом от 18.01.2006ж. № 13-П бұйрығына сәйкес «Экономикалық теория және Қазақстан тарихы» кафедрасы «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасы болып қайта құрылды (штатта – 17 оқытушы), оны Ә.М.Мамырханова басқарды, ал 2007ж. бастап оған Ғ.М.Қарасаев жетекшілік етуде.
Кафедра тәрбие жұмысының ұжымдық жоспарын, әдістемелік әзірлемелер мен материалдар, оқу құралдарын әзірлеуге белсене қатысады. Соңғы бес жыл ішінде кафедра түрлі деңгейде төмендегі материалдарды басып шығарды: ЖОО-на түсетіндерге арналған Қазақстан тарихы бойынша оқу құралы – 1997ж., Қазақстан тарихы бойынша дәрістер – 2000ж., Қазақстан тарихы бойынша электронды оқулық – 2003ж., «История Казахстана в датах и событиях» электронды оқулығы – 2004ж., электронный учебник «Қазақстан тарихы» электронды оқулығы (қазақ тілінде) – 2006ж. және т.б.