Оқу үрдісін ұйымдастыру

Кафедра 050508 – есеп және аудит  және 050509 – қаржы мамандықтары бойынша кадрлар дайындайды.

Барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпы білім беру стандарты және  типтік оқу жоспарлары бар.  Мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік құжаттар жасалған және бекітілген.Толығымен СОӘК жасалынған. Кафедраға бекітілген пәннің саны 71.

Бухгалтерлер мен қаржыгерлерді мемлекеттік және жекеменшік мекемелерде, акционерлік қоғамда, сақтандыру компанияларында, салық департаменті, облыстық қаржы басқармасында, қаржы полициясында және басқа да салаларда нарық тық жағдайларында жұмыс істеу үшін дайындайды.

Даярлау үрдісі кезінде студенттер университеттің профессорлары мен доценттері басқаруымен нарықтық жағдайда қаржыны басқаруды қамтамасыз ету үшін пән кешендерін оқиды, соның ішінде:

  • Қаржы менеджменті
  • Нарық қаржысы және делдалдар
  • Есепті басқару
  • Қаржылық  бақылау және аудит
  • Ұлттық есептің жүйесі
  • Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты
  • Инвемтициялық жобалардың тиімділігін бағалау
  • Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу
  • Бухгалтерлік есепті компьютерзациялау
  • Компанияның қаржылық есептемесі
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Сақтандыру
  • Банктік іс
  • Салық және салық салу
  • Қаржыны талдау техникасы

 

Тапсырушының тілегі бойынша, мекемелер мен ұйымдардың жолдамаларымен оқуға түскендерге оқудың аяқталу курстарында профилдері және мамандықтары бойынша басқа пәндер енгізу қарастырылады.

Күндізгі бөлімдерде мамандықтар бойынша  дайындау толық орта және арнайы орта білім негізінде жүзеге асырылады. Оқу мерзімі  сәйкес түрде 4 және 3 жыл. Сырттай оқу бөліміне қабылдау жоғары, орта арнайы және орта білім негізінде жүргізіледі. Оқу мерзімі сәйкес түрде 2,3 және 5 жыл. Университетті тәмәмдағаннан кейін студенттер академиялық дәреже және қаржы бакалавры немесе есеп және аудит бакалавры біліктілігін алады.

Соңғы үш жылда кредиттік жүйеге ауысуға байланысты жұмыс бағдарламасын (силлабустар) және басқа да әдістемелік материалдарды жасау және жаңғырту белсенді түрде жүргізілді. Оқу жүктемесі жалпы білім беру стандарты талабына сәйкестікте.

Айта кету керек, соңғы жылдары оқытушылар оқытудың жаңа әдістемелерін қолданады. Жаңа әдістемелер мен принциптердің оқытуда енгізулері «Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау», «Қаржы менеджменті», «Ақша,, несие, банк», «Қаржыны талдау техникасы» пәндерінде дәрістеудің белсенді түрлерін қолдануларда, кейс-технологияларда, нақты қаржы-экономикалық жағдайларға талдау жасауларда, іскер және коммерциялық ойындар қолдану кезінде байқалады.

fuin2006-2007 жыл дары көптеген оқытушылар "Интернет желісінде оқыту» курстарында оқып, студенттерді қашықтықтан оқыту құқығына сертификат алды. Курста алған білімдерін оқытушылар Қытай және Польшада оқитын студенттерді оқытуда табысты қолданып жүр.

Кафедрада кафедра бекіткен жоспар бойынша әдістемелік семинар жұмыс істейді. Семинарда қаралатын кейбір сұрақтарды айтып кетуге болады:

  • Кафедра оқытушыларының өзара сабаққа қатысу нәтижесін талдау;
  • Жаңа жасалған әдістемеліктерді қарау;
  • Жеке пәндердің оқытылуы туралы әдістемелік сұрақтары;
  • Ескірген жұмыс бағдарламаларын және әдістемелік материалдарды қайта қарау.

2003-2004 «Есеп және аудит» бағыты бойынша магистратураның ашылуымен сәйкес жұмыс оқу бағдарламасы жасалынды және бекітілді.  Қазіргі кезде1-3 курстар үшін міндетті пәндер бойынша, оның ішінде мемлекеттік тілде тест тапсырмаларының электрондық базасы жасалынды және енгізілді, және электрондық емтихандық тестілеу енгізілді.

1997 жылдан бастап кафедрада «Аудит-Инвест» ғылыми-өндірістік зертхана жұмыс істейді. Зертхана жетекшісі доцент С.Ж.Адрышева қаржы қызметкелері мен мекеме және өндіріс бухгалтерлеріне арнап қаржы есеп беру халықаралық стандартқа өту бойынша семинарлар ұйымдастырды. Аға оқытушы Григорьева О.И. «Салық» пәні бойынша сертификациялық емтихандарға қатысуға дайындауға курстар өткізді.

ИПОиНОТ курсы тыңдаушылары үшін кафедра меңгерушісі О.В.Куур еуропалық IGIP оқытушыларды даярлауда жаңартпашылық тақырыптарда: инновациялық ЖОО жобалы-ұйымдасқан және мәселелі-бағдарланған оқыту әдістемелері бойынша дәрістер жүргізді. Лекциялар технопаркте 100 астам слайдтарды қолданып таныстыру форматында өткізілді.

«Университет-Технопарк» үлгісінің қалыптасуына орай, 2007-2008 оқу жылында кафедрада кафедра пәндерінің әдістемелік қамтуларын Инновациялық ЖОО критерийлеріне сәйкестендіру үшін қайта өңдеулер белсенді жүргізіледі. Студенттерді практикалы- ұйымдастырылған және мәселелі-бағдарланған ұстанымдарды жүзеге асыру мақсатында оқытудың интерактивті тәсілдері, мамандарды дайындауда инновациялық білім беру технологиялары енгізілуде.

2008-2009 жылдары кафедра тұңғыш рет «Бухгалтер-салықшы» жұмысшы мамандығына студенттерді оқыту ұйымдастырылды. 2011 – 2012 оқу жылының басында 40 студент сәйкес мамандық бойынша оқу оқып, куәліктер алды.