Оқу үрдісін ұйымдастыру
«Экономикалық теория және инженерлік педагогика» кафедрасына 17 пән бекітілген:
Жұмыс оқу бағдарламалары кафедраға бекітілген барлық 17 пән бойынша бар және ҚР МЖБС типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларына сәйкес құрылған.
Оқу пәндерінің мазмұны Қазақстан Республикасы жоғары білімінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына және типтік бағдарламаларына сәйкес келеді.
Кафедрада оқу жылының бойында ҚР МЖБС талаптарына сәйкес келетін оқу-әдістемелік құралдарды жаңарту мен басып шығару жұмыстары үнемі жүргізіледі.
Студенттердің білім деңгейін бақылау Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті студенттерінің білім сапасын тексеру қағидасының негізінде құрылған мамандық бойынша жұмыс оқу жоспары мен нұсқауларына сай жүргізіледі.
Кафедраның компьютерлік тестілеу процесіне еңгізілген барлық пәндері үшін қорытынды тест сұрақтары құрастырылып, бекітілген. Соның негізінде сәйкесінше тест базалары құрастырылып, өткізілді.
Мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына сәйкес барлық мамандықтардың күндізгі және сырттай оқу формасындағы 1-3 курс студенттері үшін мемлекеттік тілде сабақ жүргізіледі. Қазіргі уақытта оларға кафедраның 5 оқытушысы сабақ жүргізеді, олардың ішінде 2 оқытушының ғылыми дәрежесі мен атақтары бар.
Қашықтықтан оқыту технологиясы негізіндегі оқитын студенттермен кафедра оқытушыларының жұмысы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Виртуалды институтымен бірлесіп, 1-3 курс студенттеріне арналған кафедраның барлық пәндері бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешенді дайындау арқылы жүргізіледі. Оған қоса, оқытудың қашықтық технологиясы бойынша оқитын студенттер үшін кафедра оқытушылары консультациялар жүргізіп, бақылау және курстық жұмыстарын рецензиялайды.
Ю.В.Баталовпен, Г.Б.Пестуновамен, В.Э.Крауземен, Г.А.Левченкомен, А.М.Кабдулшариповамен құрастырылған мультимедиялық оқу құралдары оқу процесіне енгізілді. С.А.Жұманазар және Ж.С.Джуманазарованың мемлекеттік тілдегі оқулықтары даярланды.
Оқу жылы бойынша кафедра оқытушылары бір-бірімен тәжірибе алмасып отырады, оған үнемі өткізіліп отыратын ашық сабақтар мен бір-бірінің сабақтарына қатысуы дәлел болып отыр.