Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

Мемлекеттік бюджеттік тақырыбының орындалуы аясында нарықтың дамуын талдау жөніндегі студенттік бюро ұйымдастырылып, жұмыс істеп жатыр (жетекшісі – доцент А.М.Кабдулшарипова).

Оқытушылардың басшылығымен СҒЗЖ аясында мемлекеттік бюджеттік жұмыс тақырыбы бойынша жыл сайын Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да өтетін студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың және жас оқытушылардың ғылыми-техникалық конференциясының жұмысына қатысу үшін тұрақты түрде студенттердің баяндамаларын дайындауға басшылық жасайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттік тақырыпты орындауға күндізгі және сырттай оқу формасындағы барлық экономикалық мамандықтардың 1-3 курс студенттері жұмылдырылады, олардың зерттеулерінің нәтижелері студенттік конференцияда да, курстық жұмысты қорғау барысында да тындалады.

Кафедра оқытушылары жыл сайын экономикадан аймақтық олимпиадаға студенттерді дайындауға жұмылдырылады. Сонымен қатар, аталмыш олимпиадаларды ұйымдастырып, өткізеді.

Жауапты ұйымдастырушы және команда жетекшісі - оқытушы Д.Е. Окасов.

2008 жылдың 26-28 наурыз күндері С.Торайғыров атындағы ПМУ (Павлодар қ.) негізінде өткен «Экономикадан VI аймақтық олимпиадада ШҚМТУ-нің «Алтын жастар» командасы I орынға ие болды. Сонымен қатар, осы олимпиадада «Команданы ең үздік таныстыру» номинациясын жеңіп алды. Әділқазылардың шынайы және әділ есептеулерінің нәтижесінде «Ең керемет экономистер» атағын алды.

2009 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ негізінде маңызды болып табылатын «Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы Қазақстан» тақырыбындағы экономикадан VII аймақтық олимпиада өткізілді. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің «Optimisty_kz» командасы олимпиадаға конкурстан тыс қатысты.

2010 ж. Қазтұтынуодағының ҚЭУ негізінде экономикадан VIII аймақтық олимпиада өткізілді. Жалпы есеппен бес конкурстың нәтижесі бойынша бірінші орынды Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ командасы, екінші орынды – ҚарМИУ, үшінші орынды – Шәкәрім атындағы СМУ иеленді.

2011 жылдың көктемінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ базасында экономикадан IX аймақтық олимпиада өтті. Оның нәтижелері бойынша бірінші орынды Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті иеленді.

2009 ж. 16-17 сәуір күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен маркетингтен I-Республикалық олимпиадаға Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің «Фортуна» командасы қатысып, 2 -орынмен оралды.