Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) университеттегі бекітілген тәртіп бойынша жүргізіледі.

 

Мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық-келісімдік тақырыптарды, ақылы қызметтерді жүзеге асыру

 

Ағымдағы оқу жылы кафедраның барлық мүшесі 2006-2011 жж. арналған «Қазақстанның нарықтық экономикасындағы инновациялық процестердің даму проблемасы» тақырыбындағы мемлекеттік бюджеттік зерттеу жұмысын (тіркеу номері – 0107 ҚР 00015) аяқтайды, жетекшісі – кафедра меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Ю.В.Баталов.

Кафедраның мемлекеттік бюджеттік зерттеу материалдары бойынша кафедра оқытушылары халықаралық ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-әдістемелік конференцияларда баяндамалар жасап, мақалалар мен тезистер шығарып жүр. Жиналған деректер негізінде ғылыми басылымдар, ХҒПК қатысу саны артты, алыс шетелде басылымдар жарық көрді, кафедраның ПОҚ басылымдарының жалпы саны 54 бірлікті, 52,31 б.п. құрады.

Мемлекеттік бюджеттік тақырыптар мен диссертациялық жұмыстардың деректерімен келесі монографиялар жарық көрді:

- Г.Ш. Ишкинина (О.А.Яновскаямен бірлескен) «Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің дамуы: теориясы, методологиясы және тәжірибесі» Алматы қ., 2009ж.

- М.Ю.Жерновых және Г.Б.Пестунова (Е.А.Колоспен бірлесіп) «Әлеуметтік қауіпсіздік және халықты әлеуметтік қорғау: қалыптасу проблемалары және оның өңірде дамуы» Өскемен қ., 2009ж.

- А.М.Кабдулшарипова «Ауыл шаруашылық өнімдерінің интеграциялық өндірісін ұйымдастыру» Өскемен қ., 2010ж.

- Н.А.Макаренконың редакторлығында «Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың теориясы мен тәжірибесі» атты ұжымдық монография, Өскемен қ., 2008ж.

Кафедра мүшелері мемлекеттік зерттеу тақырыбының нәтижесімен «Қазақстан экономикасының инновациялық даму проблемалары» атты екінші ұжымдық монографияны басып шығарды, редакторы э.ғ.к., профессор Н.А.Макаренко./ Өскемен қ.; ШҚМТУ, 2011 жыл.-362 бет.

Мемлекеттік бюджеттік тақырыбының орындалуы аясында нарықтың дамуын талдау жөніндегі студенттік бюро ұйымдастырылып, жұмыс істеп жатыр (жетекшісі – доцент А.М.Кабдулшарипова).

 

Кадрларды дайындау (магистратура, асирантура және диссертацияны қорғаудағы барлық біліктілікті жоғарылату)

Кафедра оқытушылары өз біліктілігін қызметтің түрлі бағытында үнемі жоғарылатады, ол бекітілген үлгідегі сертификаттардың берілуімен дәйектеледі.

Кафедраның құрылғанынан бергі уақытында кандидаттық диссертацияларын доценттер Ишкинина Г.Ш. мен Кабдулшарипова А.М., аға оқытушылар Кунафина Г.Т., Жерновых М.Ю. және Пестунова Г.Б. сәтті қорғады.

 

ҒЗЖ және халықаралық байланыстарды бірлесе жүргізу бойынша кәсіпорындармен қарым-қатынас

Кафедра Санкт-Петербургтік мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетімен (Ресей), Қазақстан-Ресей университетімен, Батыс-Сібір қаржы және құқық институтымен (Нижневартовск қ., Ресей), Мемлекеттік басқару университетімен (Мәскеу қ.) байланыс жасайды. Ресей ғылым академиясының Орал бөлімшесіне қарасты экономика институтының Курган филиалымен әріптестік келісім шартқа қол қойылды.

2010 ж. 25-мамырында Ресей ғылым академиясының Орал бөлімшесіне қарасты экономика институтының Курган филиалының профессоры, э.ғ.д. Е.В.Пилипенконың қатысуымен болған дөңгелек үстел өтті.