Инновациялық даму
Кафедра миссиясы – жоғары білікті маман даярлау, «Университет-Технопарк» моделі бойынша қолданбалы ғылымды дамыту және Қазақстанның шығыс аймағы мен шекаралық территорияларының әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді әсер ету.
Өзінің миссиясын орындау үшін «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасы оқытушылық құрамды белсендіру мен мотивациялау жүйесін дамытуда; қосымша қаржыландыру көздерін іздеу және тарту жүйесін кеңейтуде; материалдық-техникалық базаны дамытуда; замануи ақпараттық ортаны жасауда.
Кафедра оқу-әдістемелік кешендерді (1978ж.); оқу-ғылыми-өндірістік бірлестіктерді (1980ж.) жасауда; іскерлік ойындарды өткізуде (1977ж.) және оқу процессінде есептеу техникасын пайдалануда бастамашы болды.
Қазіргі уақытта оқытудың инновациялық технологиялары мен оқу процессін белсендіру құралдарын; жобалық-ұйымдастырушылық және жеке тұлғалық-бағыттылық оқытуды; іскерлік ойындарды; кейстерді; оқытудың қашықтық технологиясын; бағдарламалық өнімдерді (Audit Expert, Project Expert, САНА-2001-08, МЭМ); электрондық құралдарды; заманауи демонстрациялық құралдарды енгізуге, кафедраның өндірістегі филиалдары мен «Алтай» технопаркінің «Әлеуметтік-экономикалық процесстерді зерттеу және үлгілеу» зертханасы арқылы студенттердің практикалық дайындағына үлкен назар аударылуда;