Ғылыми-зерттеу жұмысы
Кафедрада үш оқу зертханасы жұмыс істейді: құрылыс конструкциялары, құрылыс материалдары және топырақ механикасы. Студенттер, магистранттар, стажер-зерттеушілер, аспиранттар мен кафедра оқытушылары зертханалық жұмыстармен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысады.
Сонымен қатар кафедраның ғылыми-зерттеу және ғылыми өндірістік жұмыстары "НАДОСК", "БОСКОР", "ССО", кафедра бөлімшелері және «Алтай» технопаркі жанындағы автомобиль жолдарының пайдалану сенімділігі зертханасында іске асырылады.
1990 жылы "НАДОСК" (құрылыс конструкцияларының сенімділігі) және "БОСКОР" (тоттанумен күрес) ғылыми-зерттеу зертханасы ұйымдастырылды. Олардың жұмысының бағыты апатсыз пайдалану және қызмет мерзімін ұзартуды қамтамасыз ету бойынша шараларды жасау мақсатымен ғимараттар мен үймереттердің техникалық жағдайын бағалаумен байланысты ғылыми-зерттеу және жобалау конструкторлық жұмыстардың кешенін өткізу. "НАДОСК" зертханасының ғылыми жетекшілері 1990-1994 жылдары ҚР ЖМ ҒА корреспондент-мүшесі, профессор С.Ғ.Күсепғалиев, 1994 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР білім үздігі, профессор А.В.Хапин. "БОСКОР" зертханасының ғылыми жетекшілері 1990-1997 жылдары профессор Н.И.Захаров, 1997 жылдан қазіргі уақытқа дейін профессор В.Ю.Чернавин.
Сертификациялық сынақ орталығы (ССО) құрылыс конструкциялары, негізі мен іргетасы кафедрасының 1986 жылы сынақ зертханасынан, 1991 жылы аймақтық сынақ орталығы аттестациядан,1996 жылы ССО аккредитациядан өткен. Жұмыстың негізгі бағыты – сертификациялық, арбитраждықжәне кезеңдік сынаулар, сонымен қатар құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялардың сапасын бақылау.
Ғылыми жетекшілері: сынақ зертханасында 1986-1991 жылдары доцент И.А.Титов, АСО-да 1991-1996 жылдары профессор В.Ф.Шевляков, ССО-да 1996-2001 жылдары профессор С.Ғ.Күсепғалиев, 2001-2003 жылдары профессор Т.А.Толқынбаев, 2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін профессор В.Ф.Шевляков.
Зертхана және ССО қажетті ғылыми жабдықтауы қазіргі есептеу және көбейту техникасымен қамтылған.
Зертхана негізінде және көлемі жыл сайын 10 млн. астам теңгені құрайтын қаржыландырылған ғылыми-өндірістік қызметімен қатар ССО-дан басқа студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді, диссертациялық жұмыстар орындалады.
2009 жылы автомобиль жолдарының пайдалану сенімділігі (АЖПС) зертханасында «Алтай» технопаркінде «Құрылыс-жол материалдарын өндірудің инновациялық технологиялары» аймақтық ғылыми-зерттеу зертханасының негізінде құрылған. «ОблШығысжол» мемлекеттік кәсіпорнымен бірге арнайы жұмыс бағытын негіздеуде атаулы зертхананы құрудың мүмкіндігі туды. Зертхана жетекшісі кафедраның аға оқытушысы В.Т.Савченко.
Зертхана теориялық өндірістік келісімшарт жағдайында және автомобиль жолдарының сенімділігін анықтаудың инновациялық технологияларының қолданбалы бағыттары, сонымен қатар технопарк ішінде және сыртында дайындалған автомобиль жолдары үшін материалдарды өндіру мақсатында құрылған. Қазіргі уақытта зертхана 5.0 млн. теңге өндірістік келісімшарт орындауда.
Зертханаларда монолитті бетон құрылғысының жабдық астындағы салмалы опалубкалардағы дәстүрлі анкерлі бұрандалар орнына өздігінен анкерленетін бұрандалармен бекіту, жол жабындарын жөндеу мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіледі. «Алтай» технологиялық паркі жанынан құрылған конструкторлық-енгізу орталығының жұмысына құрылыс, машинажасау, ақпараттық және экономикалық бағытында оқитын студенттер қатысады.
Кафедра доценті А.Г.Гольцевтің жетекшілігімен отандық жылу сорғылары үшін компрессорлардың тәжірибелі-экспериментальды үлгісін жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс «Технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» 006 бюджеттік бағдарлама шеңберінде ҚР Индустрия және сауда министрлігі арқылы 3,0 млн. теңге мөлшерінде «Қазақстандағы тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың жылумен қамту жүйесінде қолданылатын жылу сорғыларының қондырғылары үшін компрессорлардың жаңа түрлерін жасау және енгізу» ғылыми-техникалық жоба шеңберінде орындалады.