Сертификациялық сынақ орталығы

Орталықтың қызметкерлері:

  • ССО жетекшісі – Шевляков Владимир Федорович, профессор, техника ғылымдарының кандидаты, сарапшы-аудитор. Байланыстелефоны: 8-701-472-95-71.
  • ССО зертханасының меңгерушісі – Руденко Ольга Владимировна, сарапшы-аудитор. Байланыстелефоны: 8-777-379-39-73.

Орналасқан орны:

Зертхана ШҚМТУ бас ғимаратының Г-Л-108-дәрісханасында орналасқан. Мекенжайы: 070010, ШҚО, Өскемен қ., Серікбаев көшесі, 19, Г-Л-108-дәрісхана, ССО зертханасы. Байланыс телефоны: 540-920 (факс). Email: ORudenko@ektu.kz.

1986 жылы Өскемен құрылыс-жол институтында құрылыс материалдары мен конструкциялары бойынша сынау зертханасы құрылды. Ол 1991 жылы қайта аттестаттауда арбитражды сынақ құқығымен аймақтық сынақ орталығы, ал 1996 жылы аккредитациялауда ШҚМТУ-дың сертификациялық сынақ орталығы атауына ие болды.

ШҚМТУ ССО сынау зертханасы ретінде 1987, 1888 және 1991 жылдары аттестациядан өтті (аттестаттау куәлігі №228 03.11.1988 ж. және №474 04.12.1991 ж.), сонымен қатар 1996, 2000, 2003 және 2007 жылдары ҚР мемлекеттік тізбесінің тіркелуімен аккредитациядан өтті (аккредитация аттестаттары 28.11.1996 ж.; 29.089.2000 ж.; 10.12.2003 ж.;  5.02.2007 ж.), ССО-ның мемлекеттік стандартын жүргізетін жыл сайынғы мемлекеттік бақылау (техникалық реттеу бойынша комитет басқармасы және ШҚО бойынша метрология) зертхананың жұмысқа қабілеттілігін көрсетті.  

i1.

ССО жұмысына, ең алдымен, құрылыс конструкциялары кафедрасының оқытушылары, кейіннен құрылыс материалдары, негізі мен іргетасы,  автомобиль жолдары, көпірлер мен тоннельдер құрылысы кафедраларының оқытушылары қатысты. Қазіргі уақытта ШҚМТУ ССО жұмысына, негізінен, ғимараттар, үймереттер құрылысы және көлік коммуникациялары, құрылыс материалдары және сертификаттау кафедраларының оқытушылары қатысады. ШҚМТУ ССОқызметкерлері құрылыс конструкциялары мен материалдары бойынша жоғары білікті, ғылым дәрежелері мен атақтары бар, сонымен қатар алынған сынаушылардың ШҚМТУ-да стандарттау, метрология және құрылыстағы сертификаттау мамандығы бойынша базалық білімдері бар. ШҚМТУ ССО-ның екі маманы сарапшы-аудитор, олар құрылыс өнімдері мен ағаш өңдеу тауарларын сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестациядан өтті.

i2

1997 жылы ШҚМТУ-да стандарттау және сертификаттау мамандығы ашылғаннан кейін (мамандық 2004 жылғы стандарт бойынша стандарттау, метрологияжәне сертификаттау мамандығы болып аталды) ШҚМТУ ССО негізінде инженерлік біліктілігі бар мамандарды дайындауға байланысты екінші мамадық ашылды.

i3

ШҚМТУ-дың құрылыс материалдары, негізі мен іргетасы кафедрасы оқытушылары ШҚМТУ ССО қызметшілері болып табылады. Олар мамандықтың бірінші стандартына (Қазақстанда бірінші рет), типтік және кафедра пәндерінің жұмыс оқу жоспарларын құрастыру мен бекітуге, сонымен қатар басқа кафедра пәндерінің бағдарламаларын құрастыруға жетекшілік етті. Көрсетілген мамандықтардың студенттерін оқытуда сынау жабдықтары және өлшеу құралдары, акредитацияның нақты материалдары құрылыс өнімдері бойыншастандарттау, метрология, серттификаттау және басқа да ШҚМТУ ССО аккредитациялау материалдары оқу үрдісінде пайдаланылды. Студенттер ССО-да және мекемелерде өнімдерді сынау бойынша нақты материалдармен жұмыс істейді, сонымен қатар мекемелерде жұмыс істей отырып, өнімдерді сынаумен айналысатын ССО-да диплом жобаларын орындайды. 2006 жылы ШҚМТУ-да стандарттау, метрология және құрылыстағы сертификаттау мамандығы бойынша студенттердің бесінші рет түлектері шығарылды. 5 жылдың ішінде көрсетілген мамандық бойынша 90 маман дайындалып шығарылды, ал қазіргі уақытта 250 студент білім алуда.