Құрылыс
Мамандануы бойынша 050729 мамандығы
«Ғимараттар мен үймереттерді есептеу және жобалау» және «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы»
Кәсіби қызмет саласының сипаттамасы:
- қалалардың (қала шаруалығы) инфрақұрылымын басқару;
- өндірістік, өнеркәсіптік, азаматтық және ауылшаруашылық нысандарын қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру;
- өнеркәсіптік, азаматтық және ауылшаруашылық нысандарын, стадиондарды, театрларды, телемұнараларды, сауда кешендерінің нысандарын жобалау;
- өндірістік, өнеркәсіптік, тұрғын үй және қоғамдық, ауылшаруашылық ғимараттардың барлық түрлерінің құрылысы;
- ғылыми орталықтардағы, зертханалардағы, жалпы білім беру мекемелеріндегі ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызмет;
- магистратурада және аспирантурада оқытуды жалғастыру мүмкіндігі.
Студенттер оқыту үрдісінде тереңдетіп оқиды:
- құрылыс нысандарын жобалаудың қазіргі құралдарын қолдануға мүмкіндік беретін есептеудің ақпараттық жүйесі;
- сызбаларды орындауға арналған компьютерлік графикалық редакторлар;
- құрылыс материалдары мен конструкцияларының механикасы;
- қасбеттер мен офистерді көркемдеуге арналған қазіргі құрылыс материалдары;
- құрылыстағы экономика, аудит, кәсіпкерлік істің негіздері, құрылыстағы маркетинг және менеджмент, қаржы және несие, инвестициялық қызмет.
050729 мамандық түлектерінің жұмыс істейтін орындары:
ҚР және ТМД елдеріндегі әртүрлі формадағы жеке меншік кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс істейді. ШҚМТУ құрылыс бакалавры дипломы Германия, Корей, Израиль, АҚШ және Канада елдеріне танылған. ШҚО, Астана, Алматы, Қарағанды және басқа да қалаларда құрылысшылардың қажеттілігі зор.
Қабылдау комиссиясына (54-03-54), құрылыс және ғимараттар мен үймереттерді пайдалану кафедрасына (54-07-35) хабарласуға болады.
Автомобиль жолдары мен аэродромдардың құрылысы
Кәсіби қызмет саласының сипаттамасы:
- жалпы қолданылатын автомобиль магистральдары мен жолдарын, ауылшаруашылық, өнеркәсіптік мемекемелер жолдарын, қалалық автомобиль жолдары мен көшелерін жобалау, өндірістік кешендерді жобалау, көпір өтпе жолдарын жобалау;
- құрылыс ұйымдарының жобаларын жасау және жол саласы нысандарын қайта құру;
- автомобиль жолдары мен аэродромдар, автожол көпірлері мен құбырлары, өндірістік кешендер және өнеркәсіптік алаңдардың құрылысы, жөндеу, қайта құру;
- автомобиль жолдарын пайдалану және жол қозғалысын ұйымдастыру;
- ғылыми орталықтардағы, зертханалардағы, жоғары оқу орындарының арнайы салалық кафедраларындағы ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызмет.
Студенттер оқыту үрдісінде тереңдетіп оқиды:
- жол саласының нысандарын жобалаудың қазіргі құралдарын қолдануға мүмкіндік беретін математикалық пәндер;
- дербес компьютерлерді қолдануға байланысты есептеу әдістері;
- компьютерлерді қолдану арқылы сызбаларды орындау;
- қазіргі жол-құрылыс материалдары және өндірістің өнеркәсіптік қалдықтары;
- жол-құрылысы материалдары қасиеттерінің қазіргі физика-химиялық зерттеу әдістері;
- автомобиль жолдарының көлік-пайдалану сапасының қазіргі зерттеу әдістері.
Түлектер жұмыс істейтін орындар:
Қазақстан Республикасы және ТМД елдеріндегі әртүрлі формадағы жол саласындағы кәсіпорындарында жолшылар салалық бағыттағы нысандардан басқа ҚР-да авиациялық кешендер (Алматы, Қарағанды, Өскемен қалаларындағы аэродромдар мен әуежайлар); Алматы қаласындағы халықаралық Медеу спорт кешені, Алматы қаласындағы Республика сарайы, Алматы, Астана қалаларында және республиканың басқа да аймақтарында тұрғын үй, әкімшілік және мәдени-сауықтыру орталықтары салынды.
Біздің түлектер Қазақстан және ТМД, Германия, Израиль, Канада және басқа да ағылшын тілді елдердің жол ұйымдарында жұмыс істейді.
Қабылдау комиссиясына (54-03-54), құрылыс және ғимараттар мен үймереттерді пайдалану және көлік коммуникациялары кафедрасына (54-07-35) хабарласуға болады.
Көпірлер мен тоннельдер
Кәсіби қызмет саласының сипаттамасы:
- көпірлер, сым желісі, эстакадалар, көшкінге қарсы галерея,тоннельдер мен автомобиль жолдарын жобалау;
- көпірлер мен тоннельдердің барлық түрлерінің құрылысы;
- көпірлер мен тоннельдерді қайта құру;
- көпірлер мен тоннельдерді пайдалану;
- ғылыми орталықтардағы, зертханалардағы, орта-техникалық оқу орындарындағы (ЖОО, колледж, училище) ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызмет.
- магистратурада және аспирантурада оқытуды жалғастыру мүмкіндігі.
Студенттер оқыту үрдісінде тереңдетіп оқиды:
- құрылыс нысандарын жобалаудың қазіргі құралдарын қолдануға мүмкіндік беретін ақпараттық-есептеу жүйесі;
- сызбаларды орындауға арналған компьютерлік графикалық пакеттер;
- есептеу, жобалау, құрылыс және қайта құрудан тұратын көпірлер мен тоннельдердің конструкциясы;
- қазіргі құрылыс материалдары;
- құрылыстағы экономика, аудит, кәсіпкерлік істің негіздері, құрылыстағы маркетинг және менеджмент, қаржы және несие, инвестициялық қызмет.
05072 мамандық түлектерінің жұмыс істейтін орындары:
- көпірлер, тоннельдер, шахталар, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс ғимараттары мен үймереттерінің жобаларын жасау жобалау ұйымдары.
- көпірлер мен тоннельдерді көтеретін және қайта құратын автомобиль және темір жолдарында арнаулы инженерлік үймереттерді, бірегейліказаматтық ғимараттар және әртүрлі типтегі өнеркәсіптік үймереттер (көпір жасақтары, қозғалмалы механикаландырылған бағанасы, құрылыс жол басқармасы).
Біздің түлектер Қазақстанның барлық аймақтарында, Ресейде, Германияда, Канадада, Израильде жұмыс істейді.
Қабылдау комиссиясына (54-03-54), құрылыс және ғимараттар мен үймереттерді пайдалану және көлік коммуникациялары кафедрасына (54-07-35) хабарласуға болады.