БОСКОР
Құрылыс материалдарының негізі мен іргетасын тоттануға қарсы күрес бойынша «БОСКОР» ғылыми-өндірістік зертханасы
Байланыс ақпараты: Г-2-308-адәрісханасы. Телефоны: 54-06-70. E-mail: Boskor@ektu.kz
Жұмыстың бағыты:
- Агрессивті орта жағдайында пайдаланылатын құрылыс конструкцияларының тоттану жағдайының диагностикасы;
- Құрылыс конструкцияларының негізі мен іргетасының тоттану үрдістерін зерттеу;
- Пайдалануға жарамды ғимараттар мен үймереттердің құрылыс конструкцияларының қабілеттілігі бар техникалық қалпын бағалау;
- Ғимараттар мен үймереттердің сейсмикалық қауіпсіздігін бағалау;
- Темір бетон және болат конструкциялары қызметінің мерзімін бағалау;
- Құрылыс материалдарының тоттанудан қорғаудың әдістерін жасау;
- Темір бетон конструкцияларын (шынайы сенімділік) дайындау кезеңінде және пайдалану (бастапқы сенімділік) сенімділігін кешенді бағалау әдістемесін жасау және іске асыру.
Зертхана қызметінің тиімділігі:
- жөндеу жұмыстарын және конструкцияларды күшейтуді жүргізу бойынша ұсыныстарды енгізуге сәйкес ғимараттар мен үймереттердің құрылыс конструкцияларын пайдалану мерзімін ұзарту;
- ғимараттар мен үймереттердің құрылыс конструкцияларының құлауымен байланысты техногендік және экологиялық апатты болдырмау;
- 2005 жылы орындалған ғылыми-өндірістік жұмыстардың көлемі 10,0 млн. астам теңгені құрайды.
Зертхананың қызметкерлері:
- Чернавин Валерий Юрьевич «БОСКОР» ғылыми-өндірістік зертханасының ғылыми жетекшісі, 2000-2001 жылдары құрылыс факультетінің деканы, 1995-1996 жылдары құрылыс конструкциялары, негізі мен іргетасы, 2003-2005 жылдарықұрылыс және ғимараттар мен үймереттерді пайдалану кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор.
1980 жылы Құрылыс-жол институтының өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығын бітірген. 1982-1983 жылдары бетон теориясының орталық зертханасында және КСРО Мемқұрылыс (ТБҒЗИ, Мәскеу қ.) темір бетон ғылыми-зерттеу институтындағылыми тәжірибеден өтті.
1987 жылы ТБҒЗИ-діңаспирантурасын бітіріп, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін“Оценка длительной прочности и деформативности различных видов бетона с учетом нелинейной ползучести и накопления повреждений”тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1995 жылы доцент ғылыми атағы, ал 1999 жылы профессоракадемиялық атағы берілді. Бір техника ғылымдарының кандидатын дайындап шығарды. 50-ден астам ғылыми және ғылыми-педагогикалық еңбектердің авторы.
- Нұғыманов Данияр Тоқтарұлы– 2003-2006 жылдары Құрылыс-сәулет институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
1992 жылы Құрылыс-жол институтының өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығын бітірген. 1992-1993 жылдары құрылыс конструкциялары, негізі мен іргетасы кафедрасында ғылыми тәжірибеден өтті. 1997 жылы ШҚМТУ жанындағы аспирантураны бітіргеннен кейін СПбМСҚУ-да (ЛИҚИ,Санкт-Петербург қ.)техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін “Несущая способность трубобетонных арок при кратковременном загружении” тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2000 жылы доцент ғылыми атағы берілді. 35-тен астам ғылыми және ғылыми-педагогикалық еңбектердің авторы.
Цыгулев Денис Владимирович – “ҒҮҚжКК” кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты.
1994 жылы Құрылыс-жол институтының өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығын бітірген. 1994-1995 жылдары құрылыс конструкциялары, негізі мен іргетасы кафедрасында ғылыми тәжірибеден өтті. 1999 жылы ШҚМТУ жанындағы аспирантураны бітіргеннен кейін СПбМСҚУ-да (ЛИҚИ,Санкт-Петербург қ.)техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін “Трубобетонные конструкции прямоугольного сечения сжатые с двухосными эксцентриситетами” тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 25-тен астам ғылыми және ғылыми-педагогикалық еңбектердің авторы.
- Беденко Евгений Сергеевич – ғылым бөлімінің инженері.
2001 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығын бітірген. 2002 жылдан бері «БОСКОР»ғылыми-өндірістік зертханасының штаттағы қызметкері.
- Токарев Василий Васильевич – ҒҮҚжКК кафедрасының оқу зертхана меңгерушісі.
1979 жылы Өскемен құрылыс-жол институтының өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығын бітірген. Құрылыс конструкцияларын және материалдарын сынақтан өткізу бойынша маман.
- Володин Максим Владимирович – ғылым бөлімінің инженері, ҒҮҚжКК кафедрасыныңассистенті.
2001 жылы ӨПК-тің құрылыс және ғимараттар мен үймереттерді пайдалану мамандығын бітірген. 2004 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығын тамамдаған. 2004 жылдан бері «БОСКОР»ғылыми-өндірістік зертханасының қызметкері.
- Федоров Павел Александрович – ғылым бөлімінің инженері.
2004 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы мамандығын тамамдаған. 2004 жылдан бері «БОСКОР»ғылыми-өндірістік зертханасының қызметкері.
- Герасимов Евгений Петрович – ғылым бөлімінің инженері, құрылыс магистрі.
2004 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы мамандығын тамамдаған. 2004 жылдан бері «БОСКОР»ғылыми-өндірістік зертханасының қызметкері.
- Садықов Қадыр Серікханұлы – ғылым бөлімінің инженері, құрылыс магистрі.
2005 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығын бітірген. 2006 жылдан бері «БОСКОР» ғылыми-өндірістік зертханасының қызметкері.