Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Құрылыс

«Құрылыс» кафедрасы – ЖОО-ның ең алғаш ашылған кафедраларының бірі болып табылады. Ол 1958 жылдан бастап өндірістік және азаматтық құрылыстың, автомобиль жолдары, көпірлер мен тоннелдер құрылысының саласы бойынша мамандар дайындығын жүзеге асырады.

i11960 жылы құрылған құрылыс құрылымдары кафедрасы жаңа пәндер қосылған сайын құрылыс құрылымдары, негіздер және іргетастар кафедрасы болып қайта құрылды, ал кейін құрылыстық өндіріс және құрылыс матералдары кафедрасымен біріккен соң «Өндірістік және азаматтық құрылыс» кафедрасы болып аталды. 2001 жылы студенттерді «Құрылыстағы стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша дайындауға байланысты «Үймереттер мен ғимараттар құрылысы және оларды пайдалану» кафедрасы болып қайта өзгертілді.

2006 жылы «Үймереттер мен ғимараттар құрылысы және оларды пайдалану» және «Автомобиль жолдары, көпірлер мен тоннельдер құрылысы» атты екі кафедраның бірігуі нәтижесінде «Үймереттер, ғимараттар және көліктік коммуникациялар құрылысы» кафедрасы құрылды. Сондықтан кафедраның тарихы – бұл біздің университеттің құрылыс мамандықтарының қалыптасуы тарихы.

i1Кафедра «Құрылыс» және «Көліктік құрылыс» мамандықтарының бакалавриат пен магистратура бойынша екі бағытта дайындықты жүргізеді.

Бакалаврлар мен магистрлер дайындығын 31 штаттық оқытушы жүзеге асырады, солардың ішінде 16 адам ғылым дәрежесіне немесе атағына ие, ал 12 адам техника ғылымдарының кандидаты болып табылады. Алдыңғы қатарлы оқытушылар оқулықтардың, оқу құралдарың, электронды оқулықтардың ғана емес, сонымен қатар өнер табыстардың да авторлары болып саналады. Кафедра ҚазҒЗСТҚСИ, ҚазБСҚА, НМСҚУ, Самар МСҚА сияқты таяу және алыс шетелтердің, Қазақстан мен Ресейдің ғылыми-зерттеу институттарымен, жоғары оқу орындарымен, кәсіпорындарымен үнемі шығармашылық байланыста.

i1 Кафедра ұзақ уақыт жұмыс істеу аралығында төрт мыңнан астам инженер-құрылысшыларды дайындады, қазіргі таңда олардың көбі Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар одан шалғай жатқан жерлерде де жобалау, инженерлік ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуда. Солардың ішінде: А.К. Бакин. – «Востокшахтострой» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; А.И. Ширшов – Өскемен қаласы әкімінің орынбасары; Е.А. Байбатшин – Өскемен қаласы әкімінің орынбасары; М. Әмірханов – «Казатомпром» вице-директоры; А.Н. Кудинов – Риддер қаласының бұрынғы әкімі; Т.Ж. Шайжүнісов – «Казгипроцветмет» ААҚ президенті; А.В. Коломыцев – «Казцинк» АҚ вице-президенті; О.Т. Илларионов – «Отан» жобалау-құрылыс компаниясының президенті; Ю.В. Баталов – т.ғ.д., ШҚМТУ профессоры, ҚРЖМҒА академигі, кафедра меңгерушісі, ОӘЖ проректоры және 14 жыл бойы ШҚМТУ ректоры болған; С.Ғ. Құсябғалиев – ғ.т.к., ШҚМТУ профессоры, ҚРЖМҒА корреспондент-мүшесі, 1963 ж. ӨЖҚИ түлегі, 1971 ж. аспирантураны бітірді, 20 жылдан артық ҒЗЖ проректоры, 10 жылдан астам өндірістік және азаматтық құрылыс кафедрасының меңгерушісі болды, Н.П. Ольков –Ауыр құрылыс министрлігінің республиканың бұрынғы министрі; Н.И. Мохов – «Главвостокстрой» бұрынғы бастығы; Н.Л. Никитин – құрылыс департаментінің және облыс әкімшілігінің ТКШ бастығы.

i1Кафедраның жетекшілігімен автомобиль жолдарын жобалау және салу саласы бойынша 3000 астам маман еңбек жолын бастауға жолдама алды, олардың көпшілігі кейін салалық  министрліктің және әртүрлі ведомстволардың маңызды өндірістерін басқарды: О.А. Красиков – техника ғылымдарының докторы, Қазақ автомобиль-жолы университетінің профессоры, Ресей көлік академиясы және ITA халықаралық  көлік академиясының академигі; А. Киялбаев – ғылым техникасының докторы, профессор, «ҚаздорҒЗИ» АҚ оқу орталығының бастығы; М.Т. Мыңбаев – Көліктік инфрақұрылымды дамыту Комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасының бастығы; М.К. Пшембаев – «Қазақавтожол» РМК бас директоры; А.И. Федосов –«Қазақавтожол» РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры; С. С. Бармаков – Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаментінің директоры; Н.С. Нұғыманов – «Қазақавтожол» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бас инженері; С.К. Ақтанов – техника ғылымдарының кандидаты, «Қазақавтожол» РМК Атырау филиалының директоры; Г.С. Мұқанов –бас директордың пайдалану жөніндегі орынбасары; А.Н. Елғонов – WYRTGEN фирмасының Қазақстан өкілеттілігінің бас директоры.

Кафедра жанында құрылыс құрылымдары және топырақ механикасы оқу зертханалары; сондай-ақ, ғылыми-өндірістік зертханалар – кафедра филиалдары: «НАДОСК» (құрылыс құрылымдарының сенімділігі және төзімділігі), «БОСКОР» (құрылыс материалдары, негіздер мен іргетастардың коррозияға қарсыласуы); «ЭНАД» (автомобиль жолдарын пайдалану сенімділігі) және ШҚМТУ Сертификаттық зерттеу орталығы жұмыс істейді. Студенттік конструкторлық «ИНЖИНИРИНГ» бюросы құрылды, онда оқу сабақтары ғана емес, сонымен қатар студенттер, магистранттар, стажер-зерттеушілер мен кафедра оқытушыларының қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Барлық мамандықтардың студенттерін оқыту базалары болып оқу корпустары, зертханалар, компьютерлік және лингофондық сыныптар, кітапханалық қор, инновациялық ғылыми технологиялар орталығы – «Алтай» технопаркі, кәсіпорындардың өндірістік базалары, әскери кафедра қызмет етеді.

«Құрылыс материалдары, стандарттау және сертификаттау» кафедрасы ШҚМТУ III корпусында орналасқан, онда оқу дәрісханалары, оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары да бар. III корпуста Г-Л-106, Г-Л-108 зертханалары, сондай-ақ Ғылым және өндіріс орталығы орналасқан, ол үймереттер мен ғимараттардың күйін анықтау, құрылыс материалдары мен бұйымдары технологиясы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар орындап, сол сияқты сертификатық сынақ жүргізеді.

Сабақтарды ғылыми дәрежесі мен атағы, сонымен қатар көп жылғы өндірістік және ғылыми тәжірибесі бар оқытушылар жүргізеді.