Қайта өңдеу өндірістері технологиясы

5B072800 мамандандыруы «Дәнді сақтау мен қайта өңдеу технологиясы» және «Ет-сүт өнімдері технологиясы» мамандығы

Бітірушіге қайта өңдеу өндірістері технологиясының бакалаврі академиялық дәрежесі тағайындалады (мамандандыруы «Дәнді сақтау мен қайта өңдеу технологиясы», «Ет-сүт өнімдері технологиясы»). Кәсіби қызмет саласы – әр түрлі меншік нысанындағы қайта өңдеу кәсіпорындары, өндірістік зертханалар, ғылыми-зерттеу институттары және жоғары оқу орындары, стандарттау және сертификаттау орталықтары. Кәсіби қызмет объектілері – тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі; дәнді сақтау мен қайта өңдеу және ет-сүт өнімдері технологиясымен байланысты барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар.