Стандарттау, метрология және сертификаттау

5B073200 мамандығы мамандандыруы – «Құрылыс»

Бітірушіге стандарттау, метрология және сертификаттау бакалаврі академиялық дәрежесі тағайындалады. Кәсіби қызмет саласы - өндірушіге және тұтынушыға қажетті жоғары сапа мен экономикалық тиімділікке бағытталған өнім, үдеріс пен жүйе нормасын, ережесін және оларға қойылатын талаптардың орындалуын белгілеу, іске асыру және бақылау, оларды әзірлеу, өндіру, қолдану және метрологиялық қамтамасыз ету. Кәсіби қызмет түрлері: ұйымдастыру-басқарушылық, өндірістік-технологиялық, есептеу-жобалаушылық, эксперименттік-зерттеушілік, инспекциялық, білім беру.