Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру
5B073000 мамандығы
Бітірушіге құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру бакалаврі академиялық дәрежесі тағайындалады. Кәсіби қызмет объектілері қабырғалы, әрлеу және оқшалау материалдар өндірісі, бетон және темір-бетон құрылымдары өндірісі, өнеркәсіптік, азаматтық үймереттер мен ғимараттар, қала шаруашылығы, жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдары, жоғары кәсіби дайындықтағы оқу орындары болып табылады. Кәсіби қызмет түрлері: өндірістік-технологиялық, жобалау-құрылымдық, ұйымдастыру-басқарушылық, ғылыми-педагогтік, эксперименттік-зерттеушілік.