Орман шаруашылығы ісі

5B080700мамандандырулары «Орман ісі» және «Бақша-парк пен ландшафт құрылысы» мамандығы

Бітірушіге орман шаруашылығы ісінің бакалаврі академиялық дәрежесі тағайындалады. Кәсіби қызмет саласы – орман шаруашылығы, орманды орналастыру, коммерциялық орман шаруашылығы, елді мекендерді көгалдандыру, егінді қорғайтын орман алқаптарын өсіру, орманның екпе ағаштарын күту. Кәсіби қызмет объектілері орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер, ұлттық табиғи орман парктері, егінді қорғайтын орман алқаптарын өсіру, орманның екпе ағаштарын күту болып табылады. Кәсіби қызмет түрлері: өндірістік-технологиялық, есептеу-жобалаушылық, сервистік-пайдаланушылық, ұйымдастыру-басқарушылық.