Магистратура
«Құрылыс материалдары, стандарттау және сертификаттау» кафедрасы дайындықты магистратураның 2 мамандығы бойынша жүргізеді:
- 6N0732 – Стандарттау, метрология және сертификаттау;
- 6N0730 – Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдар өндіру.
Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы:
- ғылыми және педагогтік дайындық кезінде – 2 жылды;
- бейіндік дайындық кезінде 1,5 жылды құрайды.
Магистр – академиялық дәреже, ол магистратураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген тұлғаларға тағайындалады.
Магистратураның білім беру бағдарламасы: пәндер тізбесі арқылы, оқу, ғылыми-зерттеу жұмысының, бақылау нысаны ретіндегі кәсіптік практикалардың түрлері мен көлемі арқылы берілген, магистрлер дайындығы мәнінің жалпы сипаттамасы. Магистранттың өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін қорытындылау магистерлік диссертация түрінде орындалады.
Кафедрада магистратураның 6N0730, 6N0732 мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары бар, кафедраның жетекші мамандарымен оқу-әдістемелік құжаттамалар әзірленеді, кадрлық базаны нығайту жүзеге асырылады.
Магистранттар дайындығын ғылыми дәреже мен атаққа ие, ғылыми зерттеу жүргізудің көкейтесті бағыттары бойынша көп жылғы тәжірибесі бар тәжірибелі оқытушылар жүзеге асырады.
2008 жылы түскен кафедра магистранттарының ғылыми зерттеулер бағыттары:
6N0730 «Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдар өндіру» мамандығы:
- А.Р.Байкенева «Разработать технологический регламент производства бетонов с использованием отвальных золошлаковых смесей ТЭЦ для ТОО «Бергштайн». Жетекші А.Н.Родин – ҚМСС кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., а.ғ.қ., профессор.
- Г.А.Жайырбаева «Исследования свойств и технология прессованных брусьев из отходов лесопиления». Жетекші Ч.Т.Отарбаев – доцент, т.ғ.к.
6N0732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы:
- Е.И.Даниленко «Полупромышленные испытания и разработка системы менеджмента качества для изготовления автоклавного ячеистого бетона из техногенных отходов». Жетекші Ю.П.Чернокульский – профессор, т.ғ.к.
- Д.А.Тергенбаева «Подтверждение соответствия и производство эффективных кирпичей методом полусухого прессования из местных глин, с добавлением выгорающих добавок». Жетекші Ә.Н.Юсупов – ЖАК доценті.
- А.С.Самылина «Разработка оптимальных составов и системы качества производства бетона с добавкой отходов мелкодисперсной фракции производства габбро-диабаза». Жетекші Ю.П.Чернокульский – профессор, т.ғ.к.
- А.Мусина «Улучшение структуры асфальтобетона». Жетекші А.А.Хайруллина –т.ғ.к., доцент.
- Ж. Тойымбаева «Внедрение принципов тотального менеджмента качества (ТQМ) в деятельности ВУЗа на примере ВКГТУ». Жетекші Ю.Е.Кукина – п.ғ.к.
- Ж.Ендаянова «Разработка и внедрение системы менеджмента качества для АО «Востокавтодор». Жетекші А.А. Хайруллина –т.ғ.к., доцент.
- А. Мирхат «Силикатные материалы автоклавного твердения на местном сырье». Жетекші Ә.Н.Юсупов – ЖАК доценті.
- А.Ережепова «Управление качеством образовательных услуг вуза». Жетекші Ғ.М.Мұтанов – ректор, т.ғ.д.