Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Жалпы инженерлік дайындық

OP_logo

«Жалпы инженерлік пәндер» кафедрасы «Механика» және «Инженерлік графика» циклындағы пәндерді біріктіру негізінде 2011 жылдың 1 шілдесінде құрылды.

2015-2016 оқу жылында университет құрылымының қайта ұйымдастырылуына және «Кәсіптік оқыту» мамандығының біріктірілуіне байланысты кафедра «Жалпы инженерлік дайындық» кафедрасы болып қайта құрылды.

Кадрлық құрамы бойынша 13 оқытушының ғылыми дәрежесі мен атағы бар, соның қатарында 1 профессор мен 8 доцент бар.

«Жалпы инженерлік дайындық» кафедрасы «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша шығарушы кафедра болып табылады, сонымен қатар Университеттің барлық мамандықтары үшін «Теориялық механика», «Инженерлік механика», «Материалдар кедергісі», «Қолданбалы механика», «Машинатанудың теориялық негіздері», «Механизмдер мен машиналар теориясы», «Машина бөлшектері», «Конструкциялау негіздері және машина бөлшектері», «Сызба геометрия және инженерлік графика», «Инженерлік графика», «Компьютерлік графика», «Машиналық графика», «Кәсіби психология», «Жантану және адамның дамуы», «Педагогика» және бірнеше басқа да жалпы және базалық пәндер оқытылады.

Кафедрада «КОНСТРУКТОР» оқу-өндірістік курсы құрылған, мұнда «Аutocad», «Компас» графикалық програмаларын игеру бойынша және «Сызба геометрия», «Инженерлік графика» пәндері бойынша қосымша сабақтар жүргізіледі.

Кафедрада ғылыми дәрежесі мен атағы бар, сондай-ақ өнеркәсіптік және ғылыми тәжірибесі бар оқытушылар сабақ жүргізеді. Олар үнемі өз санаттылықтарын көтеріп, заманауи графиктік жүйелер (AutoCAD, Компас) бойынша әртүрлі көрмелерге, конкурстарға, семинарларға, республикалық, халықаралық, алыс және жақын шетелдердегі Интернет - конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысып отырады.