Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Сәулет өнері және дизайн

Осыдан 50 жыл бұрын, 1964 жылы ӨҚЖИ негізінде Қазақстанда алғаш рет тұңғыш сәулет өнері факультеті ұйымдастырылды. Іс-әрекет еткен жылдар бойы факультет халық шаруашылығы үшін 2500 артық маман, диплом алатын сәулетшілер мен дизайншілер дайындады, бұлар бүгінде жобалық, педагогтік, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту қызметімен Қазақстан Республикасында ғана емес, сонымен бірге одан тысқары жатқан жерде де айналысуда. Оқуды аяқтағаннан соң бітірушілер концепциялық, эксперименттік және футурологиялық жобалар орындап, көркемдік ойы және оны орындау жағынан бірегей шығармалар әзірлеп, композициялық, колористикалық және техникалық міндеттерді іс жүзінде шеше алады.

Сәулетшілер мекендендіру жүйесін жобалау, елді мекен жерін, қалақұрылысы кешендерін, тұрмыстық және қоғамдық құрылымдарды, ландшафтық сәулет өнерінің объектілерін, ғиамараттар интерьері мен жабдықтарын жоспарлау жобаларын әзірлеу, сәулет өнері ескерткіштерін қайта құру мәселелерін шешеді. Дизайнші маман негізгі мамандандырулар: сәулеттік ортаның дизайні, интерьер дизайні және киім дизайні бойынша тұрмыстық және мәдени-әлеуметтік салаларда заттық-кеңістіктік мекендеу жүйесін кешенді сәулеттік-дизайнерлік жобалау проблемаларын шешуге дайын.

Диплом алған мамандар мамандандырылған сәулеттік-дизайнерлік бюро жанында сәулетшілер және дизайнші-кеңесшілер, Мода үйінде суретші-стилист, имиджмейкер болып жұмыс істейді, интерьер, жиһаз бен сауда жабдықтарын жобалаумен айналысады.

«Сәулет өнері» мамандығын ашу үшін оқытушылық жұмысқа Мәскеу сәулет өнері институтынан, Харьков, Санкт-Петербург қалаларынан талантты педагог-сәулетшілер мен суретшілер: А.М.Баталов, А.И.Радыгин, суретші Л.Е.Агейкин, мүсінші В.С.Рапопорт, тәжірибелі сәулетші-практиктер А.Н.Голубев, Ю.Н.Никитина, Л.В.Бабичева және т.б. шақырылды. Бұл топты Ленинград инженерлік-құрылыс институтытының түлегі, сол жылдары құрылыс-жол институтының проректоры жас сәулет өнерінің кандидаты Сидоров Анатолий Константинович басқарды, ол келешекте 25 жыл бойы институтымыздың ректоры болды.

    Факультет көп жылдар бойы қызмет ету кезінде өзінің жоғары білікті педагог-сәулетшілері мен дизайншілері кадрларын қалыптастырды, бұлардың көбі аспирантураны тәмамдап, Мәскеу, Санкт-Петербург және Новосибирск қалаларында кандидаттық диссертацияларын қорғады, олар: Ю.В. Анисимов, В.Г. Тихов, К.В. Кияненко, М.И. Любин, Л.В. Анисимова, В.А. Сидоров, К.Т. Ибрагимова, В.И. Наумова, М.В. Козлов, Т.А. Иноземцева, Б.К. Қарақбаев, З.В. Попова, П.В. Михнова, Е.А. Феоктистова.  Қазіргі таңда кафедраның барлық кадр әлеуетін көбінесе біздің ЖОО - ның сәулет - құрылыс факультетінің бітірушілері құрайды. Бүгінде К.И. Савакова, В.Н. Дорохов, Ю.Н. Никитина, А.А. Скалабан, В.П. Наумова және В.А. Борисованы сәулет - құрылыс факультетінің ардагерлері деп атауға болады.

Сәулет өнерінің факультеті барлығы 39 жыл бойы іс-әрекет еткен уақытта, оның 23 түлегі кандидаттық диссертациялар, ӨҚЖИ түлегі К.В.Кияненко докторлық диссертация қорғады.

Өскемен сәулет өнері мектебінің мақтанышы деп, оның түлектерін – ірі ғалымдар мен өндіріс басшыларын айтуға болады. Профессор В.К.Моор – Қиыр Шығыс политехникалық институтында сәулет өнері факультетінің деканы; сәулет өнерінің кандидаты, доцент В.Р.Усов Пенза политехникалық институтының деканы болып табылады; сәулет өнерінің кандидаты, доцент Л.В.Кузебная – Красноярск инженерлік-құрылыс институтының «Сәулет өнері» кафедрасының меңгерушісі; сәулет өнерінің кандидаты М.К.Сапарғалиев Қызыл-Орда облысының Құрылыс және сәулет өнері ісі жөніндегі комитеттің төрағасы лауазымында; сәулет өнерінің кандидаты Л.М.Ушакова Карелияның Мемқұрылыс аппаратында жұмыс істейді. 1991 жылы үш сәулет өнерінің кандидаты Ю.В.Анисимов, Л.В.Анисимова, К.В.Кияненко және екі жас оқытушы тұрғылықты жерін Ресейге ауыстырып, Вологда политехникалық институтында сәулетшілер дайындығын ұйымдастырды.

Көптеген бітірушулер жобалық, сәулеттік-құрылыс фирмалар, жарнамалық-баспа бюросы басшылары болып еңбектенуде, олар нарық экономикасы ждағдайына жеңіл бейімделіп, шағын және орташа бизнесте, мемлекеттік кәсіпорындарында және жеке меншік фирмаларды өз еңбектерін қолдануда. Факультет кәсіпкерлік және менеджмент саласында терең білімдері бар мамандар дайындауға ауысуда.

Өскемен ҚЖИ сәулет өнері факультететінің көптеген бітірушілері жобалық институттарда, құрылыстық және басқа да фирмаларда жоғары білікті мамандар қатарын толықтырып, сәулеттік және құрылыстық бөлімдерді, басқару аппараттарын басқаруда.

Сәулет өнері факультетінің мамандар дайындауға арналған жақсы материалдық-техникалық базасы бар: дәрісханалар, әдістемелік кабинеттер, сурет, бейнелеу өнері және мүсін залдары, сәулеттік физика зертханасы, сәулеттік-жобалық бюросы, киімді үлгілеу жөніндегі оқу-өндірістік шеберханасы, өнер мен сәулет өнері бойынша 6000-нан артық кітаптар мен журналдар санын құрайтын бірегей кітапхана қоры бар өнер залы.

Мамандар дайындаудағы оқу үдерісі демократизм қағидасы негізінде құрылады, бұл кәсіптік адами қатынастар аясында студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара сый-құрметті ұйғарады. Алайда, мұнда әрбір студентке қойылатын жоғары талаптар өзгеріссіз қалады, атап айтқанда, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауда және сәулетші-дизайнші кәсібін меңгеруде ғана емес, сол сияқты жоғары имандылық және адамгершілік нормасын сақтауда. Арнаулы кафедралар кез-келген шығармашылық бірлестіктер ұйымдастыруға, мәдени-сауық шараларын өткізуге жәрдемдеседі, қоғамдық белсенділікті қолдайды.