Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Сәулет-құрылыс факультеті

Сәулет-құрылыс факультеті 1958 жылы Өскемен құрылыс жол институтымен бірге қатар құрылған. Факультет құрылған кезінен бастап 25 мыңнан астам түлек дайындалды.

Қазіргі таңда факультет сәулет, дизайн, құрылыс, сандарттау және сертификаттау, құрылыс материалдарын өңдіру, кәсіптік оқыту салаларында білікті мамандарты дайындайды.

 Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы шамамен 70 адам, оның ішінде жартысынан астамы – доктор, кандидат пен магистр ғылымдары.

Факультетте алты мамандық бойынша магистратура оқытылады.

Ғылыми-педагогикалық кадрлардың тәжірибесі, бірегей материалдық-техникалық базасы, ғылыми зертханалар – жоғары сапалы түлектерді дайындау кепілі болып табылады.