Сәулет құрылыс және энергетика мектебі

Сәулет және құрылыс мектебі 1958 жылдан бастап сәулет, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, автомобиль жолдары, көпірлер мен тоннельдер құрылысы, сумен жабдықтау және су бұру саласында, сондай-ақ дизайн; стандарттау және сертификаттау; құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру; геодезия және картография; жерге орналастыру және кадастр бағыттары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын ЖОО-ның ежелгі мектептерінің бірі.

Мектеп екі бағыт бойынша - бакалавриат және магистратура бойынша дайындық жүргізеді.

Дәстүрлер, ғылыми-педагогикалық кадрлардың тәжірибесі, бірегей материалдық-техникалық база, ғылыми зертханалар – осының барлығы бітірушілерді даярлаудың жоғары сапасының кепілі болып табылады.

Бакалаврлар мен магистрлерді дайындауды 80 штаттық оқытушы жүзеге асырады. Олардың арасында Техникалық, физика-математика және педагогика ғылымдарының докторлары мен кандидаттары бар.

Жетекші оқытушылар тек оқулықтардың, оқу құралдарының, электронды оқулықтардың ғана емес, сонымен қатар өнертабыстардың да авторлары. Мектеп ҚазҚСҒЗИ, ҚазБСҚА, НГАСУ, Самара ГАСА сияқты Қазақстан мен Ресейдің жақын және алыс шет елдерінің ғылыми-зерттеу институттарымен, жоғары оқу орындарымен, кәсіпорындарымен үнемі шығармашылық байланыста болады.

Мектеп жанында үш орталық жұмыс істейді: құрылыс саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы, Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы, BIM Жобалау Орталығы.

ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ, 12.05.2021