әлеуметтік көмек

16.02.2018 Сатыбалды Ерасыл
Қымбатты, Жасұлан Құдайбергенұлы, мен кішкентай кезімнен Сіздердің университеттеріңізге түсуді армандап келемін.Бірақ соған қатысты менің өмірімде біраз кедергілер бар. Біріншіден, мен бала кезімнен көзіме байланысты мүгедекпін, сондықтан да техникалық мамандықтарға түсуге шектеулер бар (физика пәнін таңдауыма әсер етіп тұр, менің білуімше физикамен грантқа түсу мүмкіндігі молырақ), екіншіден, асыраушым жалғыз әкем ғана.Сондықтан Сізден сұрайтыным,менің жағдайымды ескере отырып қосымша қандай да бір жеңілдіктер бола ма? Заман талабы бойынша жоғары білім игергім келеді. Оқу үлгерімім "жақсы". Алдын ала жауабыңыз үшін Сізге алғысымды білдіремін!!!
23.02.2018
Құрметті Сатыбалды Ерасыл! Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың жеңілдіктері: жетім балалар болып табылатын мектеп түлектері үшін – 20%; үздік дипломы бар колледж түлектері үшін– 30%; ШҚМТУ-дың дайындық курстарын табысты аяқтаған тыңдаушыларға – жылдық құнының 5%; бүкіл оқу жылына 30 тамызға дейін алдын-ала төлем енгізген жағдайда– 5%. "Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру Ережесінің" 6-1-тармағына сәйкес, білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, I және II топ мүгедектерінің, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдер жоқ бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы болады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға хабарласуыңызға болады, (Серікбаев көшесі, 19-үй, бас корпус, аудитория Г-1-222, телефон: 54-13-55).