АО құрылымы

Аккредитациалық орталық (АО)техника және технология саласында білім беру бағдарламаларын акредитациялауды жүзеге асыратын, Қазақсандық инженерлік білім ассоциациясының(KasSEE) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Аккредитациялау орталығын KasSEE президентінің бұйрығымен тағайындалған Директор басқарады.
Аккредитациалық кеңес(АК) қоғамдық- кәсіби акредитациялау мәселелері бойынша шешім қабылдайтын коллегиялық орган болып табылады. АК құрамына инженерлік білім саласындағы жетекші мамандар, өнеркәсіп өкілдері, мемлекеттік басқару органдарының өкілдері, ғылыми қоғамдар және ассоциация өкілдері. Аккредитациалық кеңес жоғары оқу орындарынан, өнеркәсіптерден, мемлекеттік басқару органдарынан, қоғамдық ұйымдардан түскен ұсыныстар негізінде құрылып, KasSEE президентінің бұйрығымен бекітіледі. KasSEE Президені АК төрағасы міндеттері болып табылады.
Аккредитациалық кеңестің:
- білім беру бағдарламаларын акредитациялау мәселелері бойынша шешім қабылдау;
- білім беру бағдарламаларын акредитациялау өлшемдерін, процедурасын және басқа да құжаттарды бекіту;
- KasSEE АО қызметін дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
Әдістемелік комиссия білім беру бағдарламаларын акредитациялау өлшемдерін жәнепроцедурасын, әдістемелік және ұйымдастыру материалдарын даярлап, жетілдіріп оларды Аккредитациалық Кеңестің бекітуіне ұсынады, оқыту семинарларына сарапшыларға материалдар даярлайды және жоғары оқу орындарын консалдингпен қамтамасыз етеді.
Сараптау комиссиялары KasSEE АО директорының бұйрығымен әр тіркелетін білім беру бағдарламасы бойынша құрылады. Олардың міндеттеріне келесілер кіреді:
- Тіркелетін бағдарлама бойыншажоғары оқу орны ұсынған өзін-өзі зерттеу материалдарын сараптау;
- Аудит жүргізу кезінде білім беру бағдарламасына баға беру;
- Аудит жүргізу кезінде жоғары оқу орны басшыларымен, ПОҚ, студенттермен/түлектермен, жұмыс берушілермен және кәсіпорын өкілдерімен кездесу;
- Жүргізілген аудит бойынша, бағдарлама аккредитация өлшемдеріне сай келетіндігі немесе сәйкес еместігі туралы нәтижелері мен ұсыныстар берілген қорытынды есеп дайындау;