Университет өміріндегі маңызды уақиғалар

2005 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-не мемлекеттік аттестаттау комиссиясымен оң баға беріліп, 5 жылдық мерзімге аттестатталды, ҚР БҒМ-нің 10.11.2005ж. № 835 бұйрығы.

2007 жылы ҚР БҒМ-нің Білім және ғылым саласындағы қадағалау мен аттестаттау комитеті Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарын сақтау бойынша ШҚМТУ қызметін тексеруді жүзеге асырды. Университет қызметі лицензиялық талаптарға сай деп танылды.

2007 жылы ҚР БҒМ-нің Ұлттық аккредитациялау орталығымен өткізілген Қазақстанның жоғары оқу орындарын тәуелсіз түрде сауалдамалау нәтижелері бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындары арасында жүргізілген рейтинг бойынша 2-ші орынға ие болды.

Хабар жіберу мен телехабар көрсету үшін телекоммуникациялық технологияларды, кейстік технологияны қолдануға, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Польша, Қытай және басқа елдердің түрлі аймақтарында тұрып жатқан студенттердің ақпараттық білім беру ресурстарына кіруін қамтамасыз ету үшін Интернет және жергілікті есептеуіш желілерді қолдануға негізделген, негізгі білім беру бағдарламалары бойынша, ШҚМТУ барлық бағыттары (мамандықтары) бойынша қашықтықтан білім беру технологияларын пайдаланып оқыту іске асырылды.

2006 жылы Қазақстанда алғаш рет «Бастау» студенттік технологиялық Бизнес-инкубаторы (СТБИ) құрылды, ол шағын кәсіпкерлікті дамытуда жастар бастамасын қолдаудағы инновациялық инфрақұрылым болып табылады.

2006 жылы университеттің ең таңдаулы оқытушылары мен қызметкерлері 80 пәтерлі тұрғын үйден пәтер алды.

2007 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің «Бастау» СТБИ» жобасы 70 технологиялық қазақстандық жоғары оқу орындары арасында университеттік технологиялық бизнес-инкубаторлар желісін құруға бағытталған Start-up Kazakhstan республикалық конкурсында бірінші орын алып, жеңімпаз атанды.

«Бастау» СТБИ Республикалық бизнес-жоспарлар конкурсына «Ескірген компьютерлік техника паркін жаңғырту» атты жобасымен қатысып, 1-ші орынға ие болып, 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде грант алды.

«Бастау» СТБИ-ын одан әрі дамыту үшін университет факультеттері негізінде студенттік конструкторлық, технологиялық және жобалық бюро (КТЖБ) желісі ашылды. ҒЗҚ АҚ Бақылау кеңесіне тапсыруға ұсынылған жобаларға тәуелсіз сараптама жасау үшін университеттің Студенттік ғылыми-техникалық Кеңесі (СҒТК) құрылды.

«АЛТАЙ-АЛЬЯНС» оқу-ғылыми-инновациялық-өндірістік кешені белсенді түрде дамуда, оның құрамына қауымдастық негізде аймақтың оқу, ғылыми, конструкторлық, өндірістік, қаржы және басқа да құрылымдары кірді. Гонконг университетімен және оның технопаркімен, Үрімші технопаркімен (ҚХР), Алматыдағы «Хьюлет-Паккард Интернейшнл Трейд Би.Ви» филиалымен, Томск қаласындағы «Технопарк» халықаралық іскерлік орталығымен, Пекиннің Халықаралық бизнес-инкубаторымен өзара кең ынтымақтастық құрылып жатыр.

Белоруссия-Қазақстан ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығы құрылды, оның мақсаттарының бірі «АЛТАЙ-АЛЬЯНС» үшін бірлескен технологиялық трансферт желісін құру болып табылады.

Инженерлік бейіндегі «ІРГЕТАС» ұлттық оқу-ғылыми-зерттеу инновациялық зертханасы құрылды.

2007 жылғы 19-20 мамырда «Алтай» технопаркі негізінде ҚХР және Шығыс Қазақстан облысының бизнес-топтарының қатысуымен форум өткізілді. Форум қорытындысы – ҚХР және Қазақстанның әр түрлі өнеркәсіптік және сауда ұйымдары арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шарттарын жасасу болды.

«ҚазРЕНА» Қазақстанның компьютерлік ғылыми-білім желісін пайдаланушылар Қауымдастығының Аймақтық желілік операциялық орталығы (ЖОО) құрылды. «ҚазРЕНА» Қауымдастығы басқармасының шешімі Қазақстанның жоғары оқу орындары Қауымдастығымен және НАТО ғылыми комитетінің «Виртуалды жібек жолы» Жобасының басқармасымен қолданды. Осы гранттың құрамына Аймақтық желілік операциялық орталығына (ЖОО) арналған жабдықтардың толық жинақтамасы кіреді, бұл жинақтама Өскемен қаласының ғылым және білім ұйымдарының Интернеттен жедел түрде деректер алуын қамтамасыз етеді.

2007 жылғы 14-15 маусымда ШҚМТУ және «Алтай» технопаркі негізінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен XXVII Шетелдік инвесторлар форумы өткізілді.

2007 жылғы 29-30 маусымда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі өткізген Республикалық жаңашыл педагогтар форумында университет «Университет-технопарк» инновациялық жоғары оқу орнының қазақстандық үлгісінің және «Техникалық жоғары оқу орнын инновациялық университет етіп түрлендіру» атты ұжымдық монографияның тұсау кесер рәсімін өткізді.

2007 жылғы 20 шілдеде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ негізінде «Қазақстанның инновациялық университеттерін қалыптастыру және дамыту проблемалары» атты Республикалық семинар-кеңесі өткізілді. ҚР-ның Білім және ғылым Министрі Ж.Түймебаев, облыс әкімі Ж.Кәрібжанов инвесторлардың, «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен Жоғары технологиялар аймағының ашылуын өткізді.

2007 жылғы 26 тамыздан бастап 4 қыркүйекке дейін ШҚМТУ-нің 23 профессоры мен қызметкерінен құрылған делегация инновациялық технологиялар бойынша Шанхай форумына қатысу үшін ҚХР-на шақырылды. Форум Жапония, Корея, Франция, Германия, Финляндия, Индия және басқа да елдердің қатысуымен өтті.

2007 ж. қазан айында Новосібір қаласында Қазақстан және Ресей президенттерінің қатысуымен шекараға шектес аумақтар форумы өтті. «XXI ғасырдағы ғылым және білім» атты ғылыми симпозиум өткізілді. Форумға Қазақстан жағынан Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ делегациясы да қатысты. «Ғылымды қажетсінетін технологиялар саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының инновациялық әлуеті» атты көрмеде университет Сібір мемлекеттік геодезиялық академиясымен бірлесіп жасаған «Ресей мен Қазақстанның шекараға шектес аумақтарын тұрақты түрде дамытуды ақпараттық-картографиялық қамтамасыз ету» жобасын ұсынды, бұл жоба дипломмен марапатталды.

2007 ж. қазан айында Стамбулда инженерлік білім қоғамдарының халықаралық консорциумының бірінші ғалами Саммиті (IFEES) және Американың инженерлік білім қоғамының (ASEE) алтыншы Ғаламдық инженерлік білім Коллоквиумы өтті. Бұл жұмысқа үш қазақстандық жоғары оқу орнының ректорлары, профессорлары мен студенттерінен құрылған делегация қатысты: Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ҚарМТУ және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ.

2008 ж. қыркүйек айында университет негізінде ӨҚЖИ - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ 50 жылдық мерейтойына арналған «Инновациялық экономика қалыптастырудағы университеттер ролі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға Жапония, АҚШ, Германия, Польша, Дания, Үндістан, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, Украина, Қырғызстан, Қазақстан елдерінің білім беру өкілдері қатысты.

50 жылдық мерейтойы қарсаңында университет «European Quality» жоғары халықаралық наградасына ие болды. Университет білім беру қызметтері сапасының нарығын зерттеу нәтижелері бойынша және еуропалық стандарттарға сәйкес олардың жоғары сапасына жетуге ұмтылғаны үшін осы награданың номинанты атанды.

2008 ж. желтоқсан айында университетте, аймақта алғаш рет, Еуропа Бұрышы – «Еуропалық Одақ Бұрышы» ашылды. Оның ашылуы Еуропалық Комиссия делегациясының Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-не ресми сапары бағдарламасының негізгі бөлігі болды, бұл рәсімге Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Комиссия Өкілдігінің Елшісі әрі Басшысы Норбер Жустен, ҚР-дағы ЕК Өкілдігі техникалық қызметінің басшысы Рене Мали, сондай-ақ ҚР-дағы ЕК бағдарламасын үйлестіруші Елена Левченко қатысты.

«Еуропа Бұрышы» – бұл 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында (ОБСЕ) Қазақстанның төрағалық етуі қарсаңында Елбасы Н. Назарбаевпен бекітілген, 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға аттану жолы» Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы маңызды қадам. Іс-шараның негізгі мақсаты – Еуропалық Одаққа кіретін елдермен университеттің ғылыми-техникалық ынтымақтастығының құрылымдық негізін қалыптастыру, ол бірлесудің жаңа деңгейіне шығуға, ғылыми-білім беру менеджментінің еуропалық тәжірибесін жоғары оқу орнында зерделеу мен енгізуге мүмкіндік береді.

«Еуропалық Одақ Бұрышының» ашылуы – бұл ынтымақтастықтың біртұтас жүйесіндегі барлық қызмет бағыттарын біріктіруге ықпал еткен акция.

2008 жылғы 29 желтоқсанда Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (Қазақстан Республикасы) және Хосео университеті (Оңтүстік Корея) арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Шарттың мәні менеджмент бойынша қосарлы магистрлік бағдарлама құру болып табылады. МВА бағдарламасы бойынша білім алу нәтижесінде, оқитындар аталған университеттердің білім беру нормаларына сәйкес әрбір университеттің магистр дәрежесіне ие бола алады.

2013 жылғы ақпанда Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың «Жастар шығармашылығы - Қазақстанның инновациялық дамуына» атты республикалық ХІІІ ғылыми-техникалық конференциясы өтті.

25 ақпанда Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰИҒА академигі Нұрлан Темірбеков «Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті болып сайланды.

Шілдеде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі мен академиялық ұтқырлық орталығы еліміздің 2013 жылғы 30 таңдаулы ЖОО рейтингін ұсынды. Оған 108 білім беру бағдарламасы мен 11 бағыты бойынша республиканың 69 ЖОО қатысты. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «техникалық ғылымдар» бағыты бойынша үш жетекші оқу орнының, сондай-ақ білім беру бағдарламасы бойынша да алғашқы үштікке кіріп, Қазақстанның таңдаулы 30 ЖОО- ның арасында тоғызыншы орын алды.

Сәуірде университет базасында Қазақстан Республикасы Шығыс аймағы ЖОО-ның Ректорлар кеңесінің құрылтай мәжілісі өтті. Кеңестің төрағасы болып ШҚМТУ ректоры Нұрлан Темірбеков сайланды. Мәжілісте Ректорлар кеңесінің ережесі талқыланып, бекітілді, сондай-ақ, 2013 жылғы жұмыс жоспары қабылданды.

Қыркүйекте Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ өзінің 55 жылдығын атап өтті. Осы уақыт ішіндегі университеттің барлық табыстары - ЖОО басшылығының, профессорлары мен оқытушыларының білім сапасын арттыру, оқу және зертхана базасын нығайту, заман талабына сай білім беру шін жағдай жасау жолындағы қажырлы еңбегінің нәтижесі.

19 қыркүйекте Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Ғылымдағы, техника мен білім берудегі есептеу және ақпараттық технологиялар - 2013 (ВИТ-2013)» атты халықаралық конференция өтті. Оны ҚР Білім және ғылым министрлігі, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, РҒА СБ (Россия), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ұйымдастырды. Оның жұмысына ҚР ҰҒА, Ресейдің, Азербайжанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның академиктері, сондай-ақ Германияның, Түркияның, Швецияның, Сербияның және басқа елдердің ірі ғалымдары қатысты. Конференция жұмысы негізгі үш бағыт бойынша өтті: есептеу технологиялары, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, есептеу математикасы.

2013 жылғы 29,30 қазанда университетке арнайы аккредитация аясында ASIIN (Германия) сарапшылар тобы келді. Металлургия мамандықтары (бакалавриат, магистратура), «Транспорт, транспорт техникасы және технологиялары» (магистратура) білім беру бағдарламалары кластеріне сыртқы аудит жүргізілді.

27 қарашада «Аспап жасау және АТИ» кафедрасында бакалавриат пен магистратураның екі мамандығы 5В070200 және 6М070200 «Автоматтандыру және басқару» халықаралық аккредитациядан табысты өтті. Оны ASIIN агенттігі жүргізді: Аккредитация сертификаттары мамандықтардың инженерлік және магистрлік бағдарламалардың (лейбл EUR- ACE) европалық сапа және талап стандарттарына толық сай екенін көрсетті.

Ақпанда ҚР БҒМ республикалық байқауының қорытындысы бойынша ШҚМТУ-дың үш оқытушысы «ЖОО таңдаулы оқытушысы» атанды.

Сәуірде университетте қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың ұлы, белгілі қайраткер, ғалым, жазушы, публицист Мұрат Әуезовпен кездесу болды.

Наурызда ҚР БҒМ қолдауымен «Ғылыми зерттеулерді бағалау және таңдау жүйесі. Зерттеу қызметінде серіктестікті нығайту» дөңгелек үстелі өтті. Оны Британ кеңесімен бірлесіп «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» АҚ өткізді. Шараға отандық ЖОО, ғылыми-зерттеу институттары мен басқа ғылыми ұйымдардың 300 өкілі,Ұлыбританиядан 20 жетекші ғалым қатысты.

Мамырда университетте студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың «Жастар шығармашылығы - Қазақстанның инновациялық дамуына» атты XIV республикалық ғылыми- техникалық конференциясы болды. Оған Қазақстанның 13 ЖОО-нан студенттер мен жас ғалымдар қатысты.Онда республика жастарының әлеуметтік-саяси белсенділігі, құрылыс пен сәулеттегі, машина жасау мен транспорттағы, материал зерттеу, кен -металлургия өндірісіндегі инновациялар төңірегінде мәселе талқыланды.

Мамырдың соңында «Өскемен ЭКСПО-2014» көрмесі өтті, сондай-ақ «Жасыл экономика - адамзат болашағы»халықаралық ғылыми-практикалық конференция болды. Оған ҚР үкімет мүшелері, ҚР Парламент депутаттары, әлемнің 12 елінің өкілдері, Нобель сыйлығының лауреаттары, ірі ғалымдар мен бизнесмендер қатысты. Көрмеге 24 инновациялық жоба, оның ішінде ШҚМТУ-дың жобалары қойылды.

Шара барысында университетте Нобель сыйлығының лауреаттары К.Вютрихпен, Святослав Тимашевпен, Клаус Тиссенмен, ірі ғалымдар Алексей Кавокинмен, Джузеппе Эрамомен кездесу болды.

Маусымда ҚР ЖОО жоғары білім лидерлерін даярлау бағдарламасының екінші модулі бойынша ШҚМТУ-дың екі өкілі - университет ректоры Н.Темірбеков пен тәрбие жұмысы және әлеметтік даму департаментінің директоры Б.Злобин Беркли (Калифорния, АҚШ) университетінің жоғары білім орталығында және Сингапурдың ұлттық университетінің мемлекеттік саясат мектебінде оқу оқыды.

Шілдеде ҚР БҒМ Болон процесі мен академиялық ұтқырлық орталығы 2014 жылғы елдің 30 таңдаулы ЖОО-ның рейтингін ұсынды, биыл ШҚМТУ бакалавриаттың он білім бағдарламасы бойынша көш басындағылар қатарына енді, Қазақстанның 30 таңдаулы жоғары оқу орнының қатарына тағы қосылып, аймақтағы жетекші ЖОО болды.

30 қазанда Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың әскери кафедрасы өзінің 15 жылдығын