2017 ж. рейтингісі

Қазақстанның үздік жоо рейтингі

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің (IQAA ) бағалауы бойынша,  үздік техникалық жоғары оқу орындары рейтингінде Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ 16 Қазақстандық техникалық ЖОО арасында 5 орын иеленді.

Толығырақ ақпаратпен http://nkaoko.kz/ сайтынан таныса аласыздар.

 


«4 International Colleges & Universities» рейтингі

4 International Colleges & Universities, агенттігінің 11958 әлем университеттері мен колледждерінің веб-сайттары арқылы жасаған бағалауы бойынша,  ШҚМТУ 108 Қазақстандық университеттер арасынан 17 орынды иеленді.

Толық ақпарат келесі сайтта ұсынылған: http://www.4icu.org/.

 


Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі

ҚР университеті қатысқан Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің бағалауы бойынша, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ техникалық университеттер арасында 6 орынды иеленді. Білім беру бағдарламалары арасында рейтингтің қорытындысы бойынша 12 бакалавриат, 14 магистратура, 5 докторантура мамандықтары үздіктер қатарына еніп, бірінші, екінші, үшінші орындарды иеленді. Толық ақпаратты 2017 жылы 23 мамырда жарияланған «Казахстанская правда» газетінің №96 (28476) санынан таба аласыздар.

 


Жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингі - Academic Ranking-European Standard

Ares_2017 ARES-тің жоғары оқу орындары рейтингін құрудағы мақсаты – университеттердің студенттердің қажетті білім алуын, ғылыми-зерттеу жұмыстарға белсенді қатысуын, болашақ жұмыс берушілермен белсенді араласуын қамтамасыз етуге қабілетілігін бағалау. Рейтингті анықтаудағы маңызды параметрлер - университеттің халықаралық қызметі, университеттің аймақтытың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан рөлі болып табылады.

2017 жылғы ARES рейтингі қорытндысы бойынша, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ "А" санатына лайыкты деп танылып, Қазақстанның 10 үздік университеті қатарына кірді. "А" санаты- оқыту сапасының, ғылыми қызметтің жоғары сапасын, және университет түлектерінің жұмыс берушілер тарапынан жоғары сұранысқа ие екендігін анықтайды (Good quality performance).


QS EECA

Ares Дамушы елдер арасында және Орталық Азиядағы ең ірі 300 университетті анықтайтын, Британдық QS Quacquarelli Symonds Limited рейтинг агенттігінің сараптауы бойынша, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ 142 орынды иеленді.