Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Аккредитация

ШҚМТУ-дың институционалдық аккредитациялануы

2014 жылдың сәуір айында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Институционалдық аккредитациялау жөніндегі тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігінің (ТАРА) сыртқы сараптама комиссиясы жұмыс істеді. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы мен Ресей жоғары оқу орындарының өкілдері, жұмыс берушілер мен студент жастар атынан келген өкілдер кірді.

accreditation1

Комиссия өз жұмысының нәтижесінде оң қорытынды шығарып, «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті – Республиканың ұлттық білім беру жүйесінің міндеттеріне және негізгі стратегиялық инновациялық жобаларына сәйкес келетін, нақты белгіленген мақсаткерлігі, мақсаттары мен міндеттері бар республиканың жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі» деп атап өтті.

ТАРА Аккредитациялау кеңесінің 2014 жылғы 3 мамырдағы шешімі негізінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға Институционалдық аккредитация туралы № АА0018 сертификат берілді.

Институционалдық аккредитация – жоғары оқу орнының белгіленген даму деңгейін ресми түрде мойындау және оның ұсынатын білім беру қызметінің сапасын бағалау, бұл дегеніміз жоғары оқу орнының оң беделін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, бұл біздің университетпен берілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың халықаралық деңгейде танылуына жасалған қадам.

Аккредитация қорытындылары бойынша ШҚМТУ Аккредитацияланған жоғары оқу орындарының ұлттық тізіміне енгізілетін болады. Бүкіл әлемде осы сияқты тізімдер жұмыс берушілер үшін кадрларды іріктеуде, әр түрлі фирмалардың, ұйымдардың басшылары үшін бизнес, ғылыми ынтымақтастық бойынша және т.с.с. жағдайларда серіктестерді іріктеуде дұрыс бағыт беруші нысана болып табылады.

Мамандандырылған аккредитация

2010 жылдың қазан айында Ресей инженерлік білім қауымдастығы Аккредитациялық Орталығының (РИБҚ АО) сараптама комиссиясы 050703 «Ақпараттық жүйелер», 050713 «Көлiк, көлiк техникасы және технологиялар» сияқты білім беру бағдарламаларын бағалау үшін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне ресми түрде келіп-қайтты.

Сарапшылар екі білім беру бағдарламасы бойынша нормативтік және ұйымдастырушы-әдістемелік құжаттарды, соның ішінде оқу жоспарларын, пәндердің жұмыс бағдарламаларын (силлабустарды), студенттік және бітіруші біліктілік жұмыстардың үлгілерін, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін зерделеді. Студенттермен, оқытушылармен, бітірушілермен және жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырылды. Комиссия халықаралық аккредитация стандарттарының талаптарына осы білім беру бағдарламаларының сәйкестілігі туралы қорытынды шығарды.

РИБҚ басқармасы 2011 жылғы 22 наурызда ШҚМТУ-дың 050703 «Ақпараттық жүйелер», 050713 «Көлiк, көлiк техникасы және технологиялар» сияқты білім беру бағдарламаларын 5 жылдық мерзімге аккредитациялау бойынша Аккредитациялық кеңестің шешімін бекітіп, қоғами-кәсіптік аккредитациядан өту туралы РИБҚ Сертификаттарын және «Еуропалық сапа белгісін» (EUR-ACE® Label) тағайындау туралы Инженерлік білім саласындағы аккредитациялау бойынша Еуропалық желілер (ENAEE) Сертификаттарын берді.

050703 «Ақпараттық жүйелер» және 050713 «Көлiк, көлiк техникасы және технологиялар» білім беру бағдарламалары РИБҚ аккредитацияланған бағдарламалар тізіміне (www.ac-raee.ru) және ENAEE (www.eur-ace.eu) тізіміне енгізілді.

IS1   IS2   TL1     TL

Университеттің 13 білім беру бағдарламасы АСИИН-де (ASIIN e.V) халықаралық мамандандырылған аккредитациядан өтті: 5В070200 және 6М070200 «Автоматтандыру және басқару», 5В070900 және 6М070900 «Металлургия», 5В072400 және 6М072400 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», 6М071300 «Көлік, көліктік техника және технологиялар», 5В042000 және 6М042000 «Сәулет өнері», 5В072900 және 6М072900 «Құрылыс», 5B070600 және 6М070600 «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау», сондай-ақ бұларға «Еуропалық сапа белгісі» (EUR-ACE® Label www.eur-ace.eu) тағайындалды. Сараптама комиссияның есебімен мына сайттан танысуға болады.

Ресми түрде бірнеше рет келіп-қайту барысында бірқатар сұрақтар талқыланды: білім беру бағдарламаларының бейіндері және одан әрі даму келешегі, университеттегі білім беру мен оқыту, оқытушылар құрамы, жабдықтар, халықаралық ынтымақтастық; одан әрі даму келешегі және сапаны қамтамасыз ету.

2014 жылдың маусым айында Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚТҚА) Аккредитациялық кеңесінің мәжілісінде 20 білім беру бағдарламасы 5 жылға аккредитацияланды. Ақпаратты мына сайттан алуға болады:www.nkaoko.kz

2015ж. мамыр айында Аккредиттеу және рейтингттің тәуелсіз агенттігімен (АРТА) бес жыл мерзімге 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 5B070300 «Ақпараттық жүйелер», 5В071600 «Аспап жасау», 5В071300 «Көлік, көліктік техника және технологиялар», 5В074500 «Көлік құрылысы», 5В080500 «Су ресурстары және суды пайдалану», 6М070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 6М070300 «Ақпараттық жүйелер», 6М060100 «Математика», 6М074500 «Көлік құрылысы», 6М071600 «Аспап жасау», 6М070500 «Математикалық және компьютерлік үлгілеу» және үш жылға 5В070500 «Математикалық және компьютерлік үлгілеу» 13 білім бағдарламалары аккредитациядан өтті.