Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Аккредитация

ШҚМТУ-дың институционалдық аккредиттеу

2014 жылдың сәуір айында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Институционалдық аккредиттеу жөніндегі тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (ТАРА) сыртқы сараптама комиссиясы жұмыс істеді. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы мен Ресей жоғары оқу орындарының өкілдері, жұмыс берушілер мен студент жастар атынан келген өкілдер кірді.

 

Комиссия өз жұмысының нәтижесінде оң қорытынды шығарып, «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті – Республиканың ұлттық білім беру жүйесінің міндеттеріне және негізгі стратегиялық инновациялық жобаларына сәйкес келетін, нақты белгіленген мақсаткерлігі, мақсаттары мен міндеттері бар республиканың жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі» деп атап өтті.

ТАРА Аккредиттеу кеңесінің 2014 жылғы 3 мамырдағы шешімі негізінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға Институционалдық аккредитеу туралы № АА0018 сертификат берілді.

Институционалдық аккредиттеу – жоғары оқу орнының белгіленген даму деңгейін ресми түрде мойындау және оның ұсынатын білім беру қызметінің сапасын бағалау, бұл дегеніміз жоғары оқу орнының оң беделін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, бұл біздің университетпен берілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың халықаралық деңгейде танылуына жасалған қадам.

Аккредиттеу қорытындылары бойынша ШҚМТУ Аккредиттелген жоғары оқу орындарының ұлттық тізіміне енгізілді. Бүкіл әлемде осы сияқты тізімдер жұмыс берушілер үшін кадрларды іріктеуде, әр түрлі фирмалардың, ұйымдардың басшылары үшін бизнес, ғылыми ынтымақтастық бойынша және т.с.с. жағдайларда серіктестерді іріктеуде дұрыс бағыт беруші нысана болып табылады.


Мамандандырылған аккредиттеу

Университеттің 13 білім беру бағдарламасы АСИИН-де (ASIIN e.V) халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтті:

  • 5В070200 Автоматтандыру және басқару,
  • 5В070900 Металлургия,
  • 5В072400 Технологиялық машиналар мен жабдықтар,
  • 6B071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар,
  • 5В042000 Сәулет өнері,
  • 5В072900 Құрылыс,
  • 5B070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау,
  • 6М070200 Автоматтандыру және басқару,
  • 6М070900 Металлургия,
  • 6М072400 Технологиялық машиналар мен жабдықтар,
  • 6М071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар,
  • 6М042000 Сәулет өнері,
  • 6М072900 Құрылыс,
  • 6М070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау,

сондай-ақ  «Еуропалық сапа белгісі» (EUR-ACE® Label www.eur-ace.eu) келесі мамандықтарға берілді:

  • 5В070200 Автоматтандыру және басқару,
  • 6М070200 Автоматтандыру және басқару,
  • 5В072400 Технологиялық машиналар мен жабдықтар,
  • 6М072400 Технологиялық машиналар мен жабдықтар,
  • 6М071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар,
  • 5В070900 Металлургия,
  • 6М070900 Металлургия.

Сараптама комиссияның есебімен келесі сайтта танысуға болады (www.asiin.de).

 

Іс-сапар барысында бірқатар сұрақтар талқыланды: білім беру бағдарламаларының бейіндері және одан әрі даму келешегі, университеттегі білім беру мен оқыту, оқытушылар құрамы, жабдықтар, халықаралық ынтымақтастық; одан әрі даму келешегі және оқу сапанын қамтамасыз ету.

2014 жылдың маусым айында Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (IQAA) Аккредиттеу кеңесінің мәжілісінде 20 білім беру бағдарламасы 5 жылға аккредиттелді:

  • 5В042100 Дизайн,
  • 5В050900 Қаржы,
  • 5В050600 Экономика,
  • 5В070700 Тау-кен ісі,
  • 5В071200 Машинажасау,
  • 5В071700 Жылу энергетикасы,
  • 5В071800 Электр энергетикасы,
  • 5В072300 Техникалық физика,
  • 5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру,
  • 5В073100 Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау,
  • 5В090700 Кадастр,
  • 6М050600 Экономика,
  • 6М070700 Тау-кен ісі,
  • 6М071200 Машинажасау,
  • 6М071700 Жылу энергетикасы,
  • 6М071800 Электр энергетикасы,
  • 6М072300 Техникалық физика,
  • 6М073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру,
  • 6М073100 Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау,
  • 6М090700 Кадастр.

www.nkaoko.kz.

2015 ж. мамыр айында Аккредиттеу және рейтингттің тәуелсіз агенттігімен (АРТА) бес жыл мерзімге

  • 5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету,
  • 5B070300 Ақпараттық жүйелер,
  • 5В071600 Аспап жасау,
  • 5В071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар,
  • 5В074500 Көлік құрылысы,
  • 5В080500 Су ресурстары және суды пайдалану,
  • 5В070500 Математикалық және компьютерлік үлгілеу,
  • 6М070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету,
  • 6М070300 Ақпараттық жүйелер,
  • 6М060100 Математика,
  • 6М074500 Көлік құрылысы,
  • 6М071600 Аспап жасау,
  • 6М070500 Математикалық және компьютерлік үлгілеу

барлығы 13 білім бағдарламалары аккредиттеуден өтті.